SunqarNews — информационный портал
НовостиОбщество

Ардагерлердің колледж студенттерімен кездесуі

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында кездесулер өтті.Ол кездесулерге Ауғаныстан соғысының ардагерлері: Болат Құрамысов,  Мирзалиев Мұхит, Асанбаев Жантайбай, Ерманов Мұхтар,  Хабдулданов Ильяс, Утепбергенов Жұмағазы, Кулманов Сәкен, Қожабеков Қанат, Зайцев Александр және де «Қаһарман ұрпақ» әскери-патриоттық клубының жетекшілері, ауған-тәджік соқтығысының ардагерлері Асанов Ермек пен Сұлтанғазиев Ерболат қатысқан болатын.Әр кездесуге кемінде 50 шақты студенттер қатысты. Кездесулер 10 колледжде өтті. Олар: Narxoz университетінің эконмикалық колледжінде, Алматы көлік және коммуникация колледжінде, Алматы қаржы-экономикалық колледжінде, Алматы құрылыс және менеджемент колледжінде, Еуразия технологиялық колледжінде, Алматы темір жол көлігі және логистика колледжінде, Қазақ автомобиль-жол институтында, Алматы технология және флористика колледжінде, Логистика және көлік академиясы, Алматы электромеханикалық колледжінде өткен болатын.

“Азаматтық борыш” жобасы бойынша аясында өткізілген кездесулер өз мәресіне жетті. 10 кездесу студенттерге жақсы өнеге, тәрбие, білім, патриоттық сезім берді. Кездесулер көзделген мақсатқа сай мазмұнды да мәнді болды. Ардагерлер соғыстағы қиыншылықтары, өздерінің бастан кешкен қызықтары жайлы, сұрақ-жауап алмасу арқылы өзара ой алмасты. Мысалға алатын болсақ Алматы көлік және коммуникация колледжінде ардагерлерімізді концерттік бағдарламамен күтіп алып, өздерінің қойылымдарымен, билерімен, әндерімен тамаша кездесу өткен болатын. Тұғыры биік, іргесі мықты мемлекеттің болашағы бүгінгі жастардың қолында екені сәтті мысалдармен келтірілді. Кездесулер кемінде 1 сағат уақыт көлемінде болды, әр кездесу соңында ардагерлер жастармен естелікке топтық суретке түсті. 1 сағат  болған кездесуге қарамастан бүкіл оқу орнындағы студенттердің рухы артқанына, әскерге деген ынтасы ашылғанына, жастардың тарихын ұмытпауына септігін тигізген ардагерлер өте қатты риза болды. Ең бастысы, қазіргі таңда жастардың әскерге, отаншылдыққа деген көзқарасы жылдан-жылға артып келеді. Бұл да болса, кездесудегі ардагерлеріміздің аңсаған бейбітшіліктің жемісі екені даусыз.

Похожие записи

ҰҚК 17 жастағы діни радикалды ұстады

admin_sunqar

Қазақстанда міндетті телеарналар тізімі кеңейтіледі

admin_sunqar

Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган азаматтар мен қызметшілердің құқықтарын қоғауда

Redaktor SunqarNews

Leave a Comment