SunqarNews — информационный портал
НацияОбщество

Ұлды – ұл баладай, қызды– қыз баладай тәрбиелейік

Қол өнер-мол өнер Қазақ халқы өнерді ғасырлардан жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесінде кеңінен қолданып отырған. Тәрбиеде неше түрлі спорттық ойындар, ән‑күй, сән‑салтанат әшекей, қол өнері және басқа өнер түрлерін бір‑бірімен үйлесімдікте дамытып, ол ұлттық болмыстың негізін қалауға қызмет етіп келді. Өнер қазақтың жөн‑жоралғыларымен, салт‑дәстүрлерімен ұштаса келе қазақ халқының рухани әлемінің, мәдениетінің, ұлттық мінезінің мықты іргетасын қалап, ұлтты ұлт ретінде сақтап, оны ғасырдан ғасырға жалғастырып отырды. Сондықтан, бүгінгі күнге жетіп, өз алдына дербес мемлекет құрып отырған Қазақ  Елі өз өнеріне борыштар – ұлттық өнерін құрметтеу әрбір қазақ үшін парыз.

Осы бағытта құрылған ҚАЗАҚСТАН ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕР  ОДАҒЫНЫҢ алға қойған маңызды мақсаттарының бірі ‑ Халқымыздың түрлі  бағыттағы мәдени сәндік-қолданбалы қолөнерінің түрлерін дамытуға  арналған. Ұлтымыздың төл өнері түрлерін жаңғырту, яғни, қәзіргі заманауи  түрлі технологияларды пайдалана отырып ұлттық қолөнерімізді  дамыту – қазіргі заман қойып отырған талап.  Сол бағыт бойынша, Қазақстан этнодизайнерлер одағының және  Астана қаласының әкімдігінің Әдістемелік орталығы МКҚК‑мен бірлесе отырып, 2024 жылғы 11-12 сәуір аралығында инновациялық білім беру жобасына сай ұлттық құндылығымызды, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдениетімізді қайта жаңғырту, болашақ ұрпағымызды осы бағытта тәрбиелеу мақсатында Халықаралық Республикалық кәсіби суретшілерге, қолөнер шеберлеріне «Көркем еңбек», «Графика және жобалау»,«Бейнелеу өнері» қосымша білім беру пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Оқу тәрбие үрдісінде білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында  Халықаралық  этнофорум өткізді.

Форумда «Көркем еңбек» пәні бойынша «Ұл-қызды бөліп оқыту» тақырыбындағы  дөңгелек стол отырысында мұғалімдердің, психолог мамандардың және ата-аналардың қатысуымен болған пікір алмасуда негізгі өзекті мәселе ретінде «көркем еңбек пәні бойынша ұл-қызды бөліп оқыту және мектептерде қосымша ұлттық сәндік қолөнер бағытында ұлттық өнер үйірмелерін ашу» мәселесі талқыланды. Мектеп ұстаздары қыз балалар (болашақ аналар) ағаш ойып, темір түйіп, қолына балға‑шеге, бігіз бен ара ұстап ұсталық жасап отырса, оған керісінше, ұл балалар (болашақ әкелер) ине‑жіп ұстап, кесте тігіп, қайшымен мата қиып, басына орамал тағып тамақ пісіріп. ожау ұстауда…  Бұл тәрбиеде балалардың, яғни, екі жыныс арасындағы айырмашылық жоққа тән бола береді. Форум «біз осы тәрбиемен бала санасын ұлттық болмыс негізінен ажыратып жатырмыз» деп тұжырымдады.

Оған ата-аналар да «Соның алғашқы нәтижесін көріп отырмыз. Өйткені, дәстүрімізде отбасының тірегі, асыраушысы, ел мен жерді қорғаушы арқасүйер отағасы – ер азамат емеспе? Ал, отбасының ұйтқысы, баланы уатып, тамағын пісіріп, жыртығын жамап, үйін сәндеп, кілемін тоқып, түймесін қадап отыратын отанасы – қыз балалар емес пе?» ‑  деп қолдау білдірді. Сондықтан да, ата‑аналар да «Қыз-Ұл бөлініп оқытылсын» деген  жанайқайын жеткізді, өз ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар, психологтардың көптеген зертеулері бойынша, қазіргі таңда, болашақ ұрпағымыз ұлттық  менталитетімізге жат, ұлттық болмысымызда жоқ «гендерлік» деген саясаттың құрбаны болып бара жатқаны және жеткіншектерімізді ұлттық болмысқа сай дұрыс жолға салып тәрбиелеуміз керектігі туралы ашық айтылды. Осы алаңдауға дәлел ретінде ата‑аналар еліміздің  кейбір аймақтарындағы мектептерде «Көркем еңбек» пәні сабағына бала санының толымсыздығына байланысты ұлдар мен қыздарды бірге қосып оқытылатыны мысалын алға тартты. Ұлды ‑ ұл балаша өсіріп, «жігіт бол» деп, қызды – қыз балаша өсіріп «отбасының берекесі бол» деп тәрбиелеудің орнына, біз ата- бабамыздан мирас болып келе жатқан асыл да киелі, қасиетті, рухани байлығымызды болмысымызға жат өзге мәдениетпен тәрбиелеудеміз. Сондықтан, «баланы –жастан» демекші, оқушылардың  бойына ұлттық мінезді сіңіру үшін он саусағынан бал тамған «сегіз-қырлы, бір-сырлы» шеберлерлер дайындауда ұл бала мен қыз баланың жұмысын бөліп, оларға тайға таңба басқандай етіп «өз табиғатын» көрсетіп беретін, ұлттық сәндік‑қолданбалы қолөнерімізді қолға алып, тезірек іске көшу керек. Яғни, жалпы білім берудің барлық қалалық, аудандық, ауылдық және аз комплектілі шағын мектептердінде де бала санының толымды‑толымсыздығына қарамастан, «Көркем еңбек» пәнінде ұлды қыздан бөліп оқыту ‑ «заңмен міндеттелген» қалып ретінде қолға алынса екен деген ұсыныс айтылды.

Мұның өзектілігі мынада:

  1. Осы пән бойынша білім саласында қосымша жұмыс  жасайтын мамандар мен өнер саласындағы ұстаздардың шеберлігін анықтап, одан ары дамыту қажеттігі;
  2. Ұл мен қыз балаларды «Көркем еңбек» пәні бойынша бөлек оқытуды заңдастыруды және оны оқушы бала санынан тәуелсіз етуді;
  3. Жалпы білім беру мекемелерінде  «Ұлттық өнер үйірме сабақтарын» ұлттық сәндік‑қолданбалы қолөнері бойынша «қосымша» бағыттында өткізуді;
  4. Ол үшін бастауыш буындағы 1-4 сыныптарға аптасына 2 сағат, орта буындағы 5-8 сыныптар үшін аптасына 2 сағат және жоғары буындағы 9-11сыныптар үшін аптасына 2 сағат уақыт белгілеуді;
  5. Қала мектептері үшін бала саны 15‑тен аспауын, ал, ауыл мектептері үшін бала саны 10‑нан аспауын қамтамасыз ететін ережені енгізуді.

Ата-бабадан мирас болып келе жатқан қол өнеріміз – «өлмес қазына, мол мұра»!. Сол мұраны сақтап қалу Көркем еңбек, Бейнелеу өнері, Графика және Жобалау/Сызу/, Мамандық таңдау және бизнес негіздері пәндері ұстаздарының арман тілегі. Осы аталған төрт пән бір-бірімен кіндігі жабысқан, ажырамайтындай тығыз байланысқан. Бірақ, қазір кейбір мектептерде бұған басқа пән мұғалімдері иелік етуде. Ал, білім мен тәрбиені ұштастырған жағдайда, аталған пәндерге көркем еңбек мұғалімдері «иелік» етуі керек еді ғой?

Өйткені, мысалы, үйді соғу үшін:

1.Суретін салады/нобайы ,бейнесі,сәні/,бояйды;

2.Сызбасын тұрғызады/өлшеу,сызу,конструкциясы/сызады,макетін дайындайды;

3.Көктейді,тігеді,тоқыйды,пісіреді,ояды,қашайды,өреді,дәнекерлейді ,сүргілейді     т.б.с.с.

4.Олар түрлі мамандық иелері: дизайнер, құрылысшы, сәнгер, тоқымашы, шебер, суретші, инженер, аспазшы, есепші т.б.

Одан өзге, бастауыш сыныптан бастап еңбек пәнін қолға алға жөн  және де бұрынғы уақыттағыдай «Көркем еңбек» сабағы 2-сағаттан өту керек. Озық технологиясы дамыған алпауыт  елдерде, мысалы, Жапония, Корея, Қытай мемлекеттерінде аптаның барлық күніне еңбек сабағы қойылған. Еңбекті бағалаудың арқасында олардың ғылымы мен технологиялары дамып, мемлекет пен оның халқы байыған  және алдыңғы озық елдер қатарында тұр. Ол көрсеткіш ‑ біз жете алмайтын меже емес!

Сондықтан да, Оқу ағарту білім министірлігінің арнайы бұйрықпен ұл‑қызды бөліп оқыту, ұлттық сәндік қолөнері бағытында «ұлттық өнер үйірме сабағын» жүргізу ережесін енгізсе дейміз. Одан өзге, тәрбие үлгімен келеді десек, онда бұл сабаққа да мұғалімдерің өздері де ұлттық киіммен келіп ұстаздық етулері тиіс. Әрине, оның замануи үлгілерін мектептердің педагогикаллық коллегиясы өзі анықтайды. Осы үлгіні көріп өскен бала да ұлттық қол өнеріміздің құнын ұғады, оны бағалайды.

 

Енді, мұғалімдерден бастау алатын бұл киіну үрдісін оқушылардың да киім үлгілеріне ендіру қажет сияқты. Қазір бізде барлық мектептер үшін бірыңғай киім үлгісі енгізілген. Бұл дұрыс шара – мектеп балалардың отбасыларының әлеуметтік және мәдени‑рухыни айырмашылығын көрсететін орта емес. Бірақ, мектептер «бірыңғай балапандар» шығаратын инкубаторлар да емес! Ендеше, мектептерді 4‑сыныптан бастап әр мектеп өздеріне ғана тән ұлттық нақыштағы, өздеріне ғана тән түс‑бояудағы киімдерін кигізер болса – ол сол мектептің «брендтік киіміне» айналар еді. Басқаша айтар болсақ ‑ «мектеп формасы» болашақта мектептің «өзіндік символдық белгісі» ретінде көрінуіне толық мүмкіндік туар еді дер едік.

Егер, біз қазіргі әскерилердегідей боп келетін «бір форманы» әр мектептің қалауына сай ұлттық нақышта, тәрбиелік мәні бар жаққа қарай түрлендірсек, сөйтіп, мектеп оқушылары да ұлттық киіммен жүрсе ‑ нұр-үстіне нұр болар еді!..

Президент Қ.К.Тоқаев «Ұлттық киіміміз тек мерекеде емес, күнделікті киетін  киімімізге айналса өте дұрыс болар еді», — деді. Біз ‑ ұстаздар президенттің осы сөзін қолдаймыз және оны тездетіп іске асырылуына мүдделіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Амирова Жазира Кожанқызы,

Астана қаласы, Қ.Қайсенов атандағы №27 мектеп лицейінің көркем еңбек пәні мұғалімі

Похожие записи

Дені саудың — жаны сау

Redaktor SunqarNews

Қазақстанда міндетті телеарналар тізімі кеңейтіледі

admin_sunqar

Жұмыссыз қазақстандықтар миллион теңге ала алады: не істеу керек?

admin_sunqar

Leave a Comment