SunqarNews — информационный портал
НовостиТехнология

Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын

Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын. Бұл туралы Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы Нур Джазлан Мохамед Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесуде мәлімдеді.   

Малайзия – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Малайзияда муссондық жаңбырлар мен су тасқыны жиі болып тұрады. Малайзия Сенаты басшысының м.а. Академия қызметкерлерімен және тыңдаушыларымен кездесуде су тасқынымен күресу бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.

«Су тасқынын басқару – өте маңызды іс. Қазақстан мұндай ауқымды су тасқынын күтпегенін түсінеміз, бірақ әлемде климаттық өзгерістерге байланысты нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны алдағы уақытта да болу ықтималдығы жоғары. Сондықтан Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын. Малайзия Мемлекеттік басқару академиясы тарапынан біз мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен коммуникативтік дағдыларын арттыру бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруға әзірміз. Дағдарыс кезінде жұмыс істейтін мамандар білікті болуы керек және халықтың мұң-мұқтажын түсіне алуы керек», – деді Нұр Джазлан Мохамед.

Сондай-ақ спикер мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және мемлекеттік сектор жұмысында жасанды интеллектті пайдаланудың артықшылықтарымен бөлісті.

Академия ректоры Ерлан Әбіл Нұр Джазлан Мохамедке алғысын білдіріп, Малайзияның мемлекеттік басқару академиясымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін атап өтті. Кездесу соңында Академия тыңдаушылары мен қызметкерлері сұрақтарына жауап алды.

Похожие записи

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

admin_sunqar

Су тасқынына дайындық. Премьер-министр тапсырма берді

admin_sunqar

Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган азаматтар мен қызметшілердің құқықтарын қоғауда

Redaktor SunqarNews

Leave a Comment