SunqarNews — информационный портал
НовостиОбщество

«Ешкімнің фамилиясы тексерусіз қалмайды»: депутат Саиров Құлыбаев пен Назарбаевтың туыстары мен жақындары да тексерілетінін айтты

Билік «ескі Қазақстан» өкілдерімен күресте бірнеше тұлғамен ғана шектеліп отырғаны құпия емес. Олар ерлі-зайыпты Құлыбаевтар, Сатыбалды мен Боранбаев сияқты санаулы тұлғалар.

Alash.KZ ұлттық порталының тілшісі мәжіліс депутаты Ерлан Саировтан Құлыбаевтың активтеріне қатысты және тұңғыш президенттің қыздары мен жақын достарына қатысты сұрақтар қойып, олардың Қазақстандағы меншігіне, шетелдегі байлығына қатысты тексерудің болатын-болмайтынын сұраған еді.

-Ерлан мырза, бұл сұхбатымыз Тимур Құлыбаевқа қатысты. Бірер апта бұрын ғана «Алмэкс» холдингі өз акционерлері – Тимур және Динара Құлыбаевтарға дивиденд төлеуден бас тартты. Бұл «бас тарту» Құлыбаевтарға қатысты жасалып жатқан процесстердің жалғасы ма? Құлыбаевтар акционері болып табылатын тағы қандай ірі компаниялар бар?

-«АЛМЭКС» деген Динара және Тимур Құлыбаевтардың «Халық банкін» басқару үшін құрған компаниясы. Осыдан бір ай бұрын Динара және Тимур Құлыбаев «Халық банкінен» 224 млрд доллар дивидент алды деген ақпарат шықты. Ақпараттың қаншалықты рас, өтірігін жан жақты қарастыру керек.

Дегенмен «Халық банкте» қазіргі таңда Ұлттық қордың 3-4 трлн теңге қарызы жатыр. Сондықтан «Халық банк» қазір мемлекеттің аясында жұмыс жасауда. Мемлекет қаржысының аясында пайда тауып жатыр. Сондықтан бұл банкті мемлекетке қайтару жөнінде немесе ақшаны пайызбен мемлекетке қайтару жөніндегі мәселені көлденең қою керек. Бұл жөнінде біз бас прокуратурамен жұмыс жасап жатырмыз, бірақ өкінішке қарай, нәтижесі жоқ.

-Тимурдың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті, жуырда ғана. Жалпы, мемлекетке қайтарылып жатқан активтер Ақорда мен Құлыбаевтардың келісімі арқылы жүзеге асырылып жатыр ма? Әлде биліктің ықпалымен іске асып жатыр ма?

-Капиталды қайтару жөніндегі процестердің барлығы мемлекеттің ырқымен жүзеге асатын шаруа. Қазір заңсыз шығарылған капиталды қайтару жөніндегі үкіметтің жанындағы комиссия жұмыс жасайды. Бұл комиссия автономды түрде жұмыс жасайтынын айта кетейік. Оған басқа мемлекеттік органдардың араласуға немесе лопе жасауға ешқандай қауқары жоқ. Бұл жұмыстар өте тыңғылықты және құпия түрде жүреді. Яғни қандай компаниялар қарастырылып жатыр және ол компаниялардың мемлекет алдында қандай қарызы бар – оның барлығы комиссияның қарауынан өтеді. Басқа жеке адамдардың немесе мемлекеттік органдардың оған араласуға ешқандай қауқары жоқ. Сондықтан мемлекеттің қазір мүмкіндігі баяу, бірақ нақты жұмыстарды атқарып жатыр. Менің ойымша, басқа да ірі ірі компаниялар шығып қалуы ықтимал.

-Құлыбаевтар оңай шағылатын жаңғақ емес, Forbes тізіміне енген алпауыттардың бірі. Forbes биылғы есебінде ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың байлығын 10 млрд долларға бағалаған. Бұлар мемлекетке қайтарып жатқан активтер бар байлығының 1 пайызына жете ме? (Бейресми дереккөздерде Құлыбаевтар қайтарып жатқан активтер халықтың көзін алдау ғана деген пікірлер айтылады)…

-Тимур мен Динара Құлыбаевтың барлық байлығын қарастыруымыз керек. Өйткені Тимур Құлыбаев өз күшімен еңбектеніп ақша тапқан кәсіпкер емес. Ол өзінің тікелей туысы, яғни қайын атасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы арқылы мемлекеттің ірі-ірі ресурустарын қолына жиып алған олигарх.

Сондықтан Құлыбаевтарға қатысты істі қарастырған кезде, бұлардың жоғары деңгейде жасаған барлық іс-қадамдары есепке алынуы керек. Ерте ме, кеш пе Құлыбаевтардың бүкіл меншігін мемлекетке қайтару жөніндегі мәселелер қарастырылатын болады. Ерте ме, кеш пе, бұл мәселе жүзеге асады. Өйткені әлеуметтік әділеттілік мәселесі – бұл біздің ел халқының мемлекетке сенімінің мәселесі. Сондықтан осындай мәселеге келген кезде ешқандай компромисс болуы мүмкін емес.

-«Ескі Қазақстан» өкілдеріне жасалып жатқан процесс Боранбаев, Сатыбалды, Құлыбаевтармен ғана шектеліп қалмай ма? Мысалы, экс президенттің тікелей жақындары Дариға мен Әлия Назарбаева, Самат Әбіш, Нұрәли Әлиевтерді тексеру процесі жүріле ме? 

-Менің ойымша, активтерді қайтару жөніндегі заң аясында комиссия жұмыс жасап жатыр. Сол комиссия жұмысының аясында заңсыз кеткен активтердің барлығы қарастырылуы керек. Яғни бүкіл фамилия кіреді оған. Ешкімнің тегі, фамилиясы қараусыз, тексерусіз қалмайды. Оның ішінде Назарбаевтың туыстары, жақындары немесе оның бірге жұмыс жасаған серіктестері – соның барлығының меншігінің заңдылығы қарыстырылуы керек.

Похожие записи

Қауіпсіздік пен жайлылық: Алматының Бәрібаев көшесіндегі балалар алаңы қалай жаңарды

Redaktor SunqarNews

Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын

Redaktor SunqarNews

Қазақстанда міндетті телеарналар тізімі кеңейтіледі

admin_sunqar

Leave a Comment