SunqarNews — информационный портал
НовостиСпорт

NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті!

2024 жылғы 15 шілдесінде, сағ. 12.00-де Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті деп хабарлайдыSungarNews ақпараттық порталының тілшісі

Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады.

Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан және волейболдан турнир өткен болатын.

Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар.

Қасымжан Айдар, «Белгібай» командасының капитаны:

«Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екені бәріміз мәлім. Алматы қаласының NEET санатындағы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» жобасын аясындағы осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз! Әрине, болашақта үлкен додаларға түссек па деген»  арманы бар екенін тілге тиек етті.

Турнир Алматы қаласы Алатау ауданындағы ADD үстел теннис орталығында өтті.

Аталмыш шараға «Қазына», «Арлан»,  «Батыр», т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан сонымен қатар  NEET санатындағы,  яғни жұмыссыз жастар арасында 30 қатысушы қатысты.

Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.

Турсынбаев Зиядулла мен Онласын Аян Алтын медаль мен кубок үшін бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты. Дегенмен 3:2 нәтижесімен Турсынбаев Зиядулла басым түсіп, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен үстел теннисінің жеңімпазы атанып, Алтынды өз қанжығасына байлады. Ал үшінші орынның кубогын сарапқа салған Сейтбаев Алмат пен Шаюпов Дильмурат арасындағы ойында 3:0 есебімен Сейтбаев Алмат үшінші орын кубогын иленді.

Өзара бақ сынасқан турнир жоғары деңгейде өтті.

Турнир қортындысы бойынша, бірінші орын алған Турсынбаев Зиядуллаға 250 мың теңгенің, екінші орын алған Онласын Аянға 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі қатысушы Сейтбаев Алмат пен Шаюпов Дильмуратқа 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, ал киберспорт бойынша әр спорт түрінен 30 (отыз) қатысушының қатысуымен турнир ұйымдастыру жоспарда бар.

Похожие записи

«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтпек

Redaktor SunqarNews

Алакөл әуендері

Redaktor SunqarNews

Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы ШЫҰ-ға мүше елдердің үлесі 67 пайызды құрайды

Redaktor SunqarNews

Leave a Comment