SunqarNews — информационный портал
НовостиПолитика

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовты қабылдады, деп хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің екіжақты байланыстарды тереңдету ісіне елеулі үлес қосып отырғанына тоқталып, Қазақстан өңір халықтарының игілігі мен өсіп-өркендеуіне бағытталған Өзбекстанның бастамаларын алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Екі елдің дамуына тың серпін беретін жаңа бағыттарды қарастыру және екіжақты тауар айналымын арттыру маңызды екені айтылды.

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың мәні зор екенін атап өтті. Президент Қазақстанның «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісін салуға кіріскенін мәлімдеді. Бұл жолды одан әрі Өзбекстан шекарасына жеткізу көзделіп отыр. Аталған теміржол байланысы екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан тарапының Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту ісіне атсалысуы барлық тарапқа тиімді болады деп санайды.

Бахтиёр Саидов құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегін жеткізді.

Министрдің айтуынша, екі ел басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қарым-қатынасты нығайту үшін жоғары меже қойып отыр. Осыған орай Бахтиёр Саидов бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарын баяндады.

Сонымен қатар кездесу барысында су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, алдағы уақытқа жоспарланған екіжақты және көпжақты сипаттағы кездесулер мен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

BAQ.KZ

Похожие записи

Елді дамыту жайы өзекті тұрғанда елтаңба мәселесі көтеріле қалды

admin_sunqar

Cоздана специальная «консультационная служба»

Redaktor SunqarNews

«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтпек

Redaktor SunqarNews

Leave a Comment