SunqarNews — информационный портал
Главные новостиОбщество

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

Колледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен. Биыл студенттер стипендиясы тағы 50 пайызға артады.

«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», — деді ТжКБ бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Еске салайық, еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.

Tengrinews.kz

Похожие записи

Ардагерлердің колледж студенттерімен кездесуі

Redaktor SunqarNews

Америкалық компания Қазақстандағы зауыттың иесі болды

admin_sunqar

Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке өз мәресіне жетті!

Redaktor SunqarNews

Leave a Comment