SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Жұлдызы жарқыраған шен…

«Аға лейтенант» болдым дегенше, «капитан» болдымдесеңші! Капитан әскери саладағы ең жұлдызы жарқыраған шен! Жақында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара  академиясының бір топ әскери қызметшісі жеке құрамның алдында генерал-майор П.Поливановтың қолынан «капитан» әскери шенін алып, бір марқайып қалды. Олардың қатарында: Р.Ихсаниев, А.Толумбеков, А.Мыныбаев, Ә.Қызайбаев, Н.Жумагали, Б.Қуандық, Д.Ануар, Д.Мукатаев, И.Плеханов, Н.Алимгазин, Е.Болатов, А.Кабиев бар. Сонымен қатар, бірқатар шекарашыларкезекті майор әскери шеніне қол жеткізді. Олар:Н.Ынтызарбек, Б.Бимахан, А.Рахымбердиев, Б.Ахатай, Д.Каметов, Н.Темірғали, Е.Кабдолла.  

Әскери өмірде кезекті әскери шеніңді өз уақытында алған жақсы. Кейде қызмет барысында мүлт кетіп, қалыс басып жататын кездер де болады. Онда әскери жарғыға сай сөгіс жарияланып, кезекті алайын деп тұрған әскери шеніңе кешірек қол жеткізесің. Қызығынан да қиындығы басым әскери салада өзіне жүктелген жауапты міндетті абыройлы атқара білетін, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар ғана шыдамдылық танытады.

Мұнда тұрған жас офицерлер саналы ғұмырын қастерлі шекарашы мамандығына арнаған, Шекара академиясын әр жылдары бітірген төрт жыл оқып, «лейтенант» шенінен бастаған нағыз өз ісінің майталмандары. Олардың әскери шені өскенімен, ел аманатын арқалайтын жауапкершілігі азайған жоқ. Ендеше, Отан шекарасын күзеткен қайсар ұлдардың жұлдыздары жарқырай берсін!

Ж.Жабырбеков,

Қазақстан Республикасы

ҰҚК Шекара академиясының

баспасөз хатшысы

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Жастар жаман әдеттен аулақ болсын десек…

Redaktor SunqarNews

Аққан жұлдыздарды қашан және қалай жақсы көруге болады

admin_sunqar

Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді

admin_sunqar

Пікір жазу