SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Дина Таңсәрі Черногориядан саяси баспана алуды өтінді

Қазақстан мен Черногория арасында қылмыскерлерді беру туралы халықаралық келісім жоқ. Сондықтан Дина Таңсәрінің экстрадициялау мәселесі Черногорияның ұлттық заңнамасына сәйкес шешіледі, деп хабарлады Бас прокуратура. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстанда Дина Смайыловаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу мерзімі тоқтатылғаны мәлімделді. Еске сала кетсек, 2023 жылдың 27 желтоқсанында Ішкі істер министрлігі «Не молчи» қорының басшысы Дина Таңсәріні іздестіруге жариялаған болатын.

Оған Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері жалған ақпарат тарату және жеке өмірге қол сұғу фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Олардың ішінде екі іс – алаяқтыққа қатысты.

Бұған дейін Дина Таңсәрінің Черногорияда ұсталғаны және Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екені туралы хабарлағанбыз. Кейін Черногория билігі оны қамаудан босатқанын мәлімдеген еді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қытай тауарлары АҚШ баж салығын болдырмау үшін Оңтүстік Корея өнімдері ретінде ұсынылуда

admin_sunqar

Марихуанаға байланысты ауруханаға түсу жағдайлары 5 жыл ішінде деменция диагнозымен байланысқан, зерттеу нәтижелері көрсеткендей.

admin_sunqar

Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын

Redaktor SunqarNews