SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамында жаңа басшы тағайындалды

Алматыда өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының конференциясы қазақ тілінің мәртебесін арттыру және оның қолдану аясын кеңейту бағытында маңызды оқиға болды. Шараға мемлекеттік органдар мен мекемелердің тиісті мамандары, ғалымдар, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, ақын-жазушылар, тіл белсенділері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференцияның басты мақсаты – қазақ тілінің болашағы мен оның даму жолындағы жаңа бастамаларды талқылау болды.

*Жаңа басшы тағайындалды*

Конференция барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы Алматы қалалық филиалының жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілепов тағайындалды. Болат Тілеповтың тағайындалуы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оны білім беру саласында тиімді қолдану жолында маңызды қадам болып табылады.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өзінің тұрақты әрі ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Qazaq Tili Endowment Qory құрылды. Бүгінгі таңда қордың жинаған сомасы 500 миллион теңгеге жуықтады, оның 100 миллион теңгесін белгілі меценат Дулат Тастекей аударды.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қонаевтағы мектеп неге жылыту маусымына дайын емес?

Redaktor SunqarNews

Ақтөбеде үлескерлердің қаржысын жымқырған кәсіпкер сотталды

admin_sunqar

Шымкент әкімінің орынбасарына шабуыл: Мүмкін себептер

admin_sunqar

Пікір жазу