SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақсуатта “ASSYL ARLAN” және “ASSYL TULPAR” спорттық фестивальдері өтті

Фестивальдің ең тартысты сәттерінің бірі – ұлттық күрес түрінен өткен «ASSYL ARLAN» республикалық турнирі болды. 74 келіге дейінгі салмақта 24 балуан «Өгіз балуан» атағы үшін белдессе, +74 келіден жоғары салмақта 18 балуан «Түйе балуан» атағын сарапқа салды. 74 келіге дейінгі салмақта:
1-орын – Нұрдәулет Бақтыбай (Шымкент қаласы) – Автокөлік.

2-орын – Ерзат Арғынов (Абай облысы) – 2 000 000 теңге, 3-орын – Дидар Тұқышев (Абай облысы) – 1 000 000 теңге, 3-орын – Бекзат Шакезаев (Қызылорда облысы) – 1 000 000 теңге.

+74 келіден жоғары салмақта:
1-орын – Әділ Оразбаев (Абай облысы) – Автокөлік.
2-орын – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы) – 4 000 000 теңге, 3-орын – Мақсат Исақабылов (Қызылорда облысы) – 2 000 000 теңге, 3-орын – Саят Шамшиев (Абай облысы) – 2 000 000 теңге. Биыл булан бәйгесіне автокөлік тіккен демеуші Мейіржан Берекетов деген кәсіпкер болды.
Ал кешкілік аудан тұрғындары әнші, домбырашы Гүлдана Ноғайбаеваның «Елге сәлем»  концерті мен дәстүрлі музыканы заманауи бағытта айшықтайтын «Qazaqsha Терапия» театрландырылған ән-жыр кешін тамашалады.
Фестивальдің үшінші күні де аймақ халқы үшін қуанышқа толы болды.

Жұртшылықтың асыға күткені – Екпін ауылындағы атшабарда өткен Assyl Tulpar аламан бәйгесі. Дүбірлі додаға еліміздің әр аймағынан келген сәйгүліктер өзара аламан бәсекеге түсті. Құнан жарыста Алматы облысы Жамбыл ауданы Көзайымның бабы мен бағы қатар шауып, бірінші келсе, топ бәйгеде Абай облысы Ақсуат ауданы Көктүбек ауылының Қалқаман деген сәйгүлігі топ жарды. Ал аламан бәйгеде Жамбыл облысынан келген Бақторы деген тұлпардың бағы жанып, көмбеге бірінші жетті. Топ бәйге мен Аламан бәйгеде топ жарған екі тұлпардың иесіне де  автокөліктің кілті табыс етілді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылы қандай саяси және басқа елеулі оқиғалар болды? Сарапшылар жауап береді

Redaktor SunqarNews

Папа Францисктің қайтыс болған уақыттағы байлығы.

admin_sunqar

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу