SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Алматыда танымал блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылды

Бейнежазбада көлік жүргізіп келе жатқан блогердің әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Алматы қаласының Полиция департаментінің хабарлауынша, танымал блогер жол қозғалысы ережелерін екі рет бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Атап айтқанда, интернет кеңістікті талдау барысында блогердің жол-көлік ережелерін өрескел түрде бұзғаны анықталды. Тергеу қорытындысы бойынша, құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Полиция өкілдері бұл әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру екенін айтты. Танымалдылық пен оқырмандардың саны ешкімді заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін де блогер Дариға Нұркееваға қатысты дау болған еді, оған байланысты балалар омбудсмені өз пікірін білдірген болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

«Рамазан- айлардың ең қайырлысы»

Redaktor SunqarNews

«Көлік тұрағы автоматтары адамдарды қақпанға түсіруге арналған» – мыңдаған адамға айыппұл салынды.

admin_sunqar

Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешенінде болды

admin_sunqar

Пікір жазу