SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Бейбіт күннің сақшысы Асқар Тауфихұлы туралы білесіз бе?

Бүкіл елді дүр сілкіндірген 2022 жылдың Қаңтар оқиғасы – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы адам жанын алашапқын күйге түсірген ең ауыр, ең аласапыран кезеңдердің бірі болды. Бұл күндерде әрбір қазақстандық үрей құшағына тығылған еді… Сол бір аласапыран сәттерде елдің тыныштығын күзетіп, адам өмірін арашалау жолында басын бәйгеге тіккен азаматтар тарих бетіне алтын әріппен жазылары хақ. Біреу білер, біреу білмес, солардың алдыңғы қатарында жүріп, қазақстандықтардың тыныштығын күзеткен азамат Мұстафин Асқар Тауфихұлы еді.

Асқар Тауфихұлы – тағдыр таразысына салынған сын сағатта Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында «қоғамдық тәртіпті бақылау» бөлімінің басшысы ретінде қызмет атқарып, кәсібилігімен ғана емес, қайсарлығымен де ел есінде қалды. Ел ішінде ию-қию, бей берекетсіздік жайлаған кезде ол басшылық еткен бөлім нағыз қауіп-қатердің алдын алып, ауруханадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қойған жоқ, медицина қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасады. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Асқар Мұстафиннің ерен еңбегін аңғарып, қызметтік міндеттерді адал атқарғаны үшін және қаңтар оқиғасы кезінде көрсеткен жанқиярлығы үшін алғыс хатпен марапаттады. Бұның өзінен әкімнің Тауфихұлының жұмысына дән риза екенін аңғаруға болатындай.

Асқар мырзаның еңбек ету дағдысы тиянақтылық пен жауапкершілікке құрылған. Тіпті жаһанды жайлағаны пандемия кезінде лас зонада, реанимацияларда волонтер болып қызмет істеді. Ол СКОП қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауын қадағалап, кіріс ауысымына күнделікті инструктаж жүргізді, сондай-ақ күзетілетін объектінің үй-жайларында немесе оған жақын аумақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асырды. Оның басшылығымен аурухана ішіне ACS жүйесі енгізіліп, қауіпсіздік деңгейі жаңа сатыға көтерілді. Мұндай бастама Қаңтар оқиғасының дүрбелеңінде шешуші рөл атқарғанын ешкім жоққа шығара алмас.

Білікті маман болумен қатар, Асқар Мұстафин – нағыз ұйымдастырушы, көшбасшы, стратег. Ол тек аурухана деңгейінде ғана емес, бүкіл қауіпсіздік саласында өзін дәлелдей алған тұлға. Мәселен, бұл қызметке дейін ол «IT’S Security Agency» ЖШС-де коммерциялық директор міндетін атқара жүріп, компанияны шағын күзет мекемесінен Қазақстан мен шет елдерде 10-нан астам филиалы бар ірі холдингке айналдырды. Бұл – іскерлік пен табандылықтың, көрегендіктің айғағы.
ITS Holding президенті Шоқан Сыздықовтың сөзімен айтқанда, Асқар Тауфихұлы – ұйым ішіндегі ең маңызды жобаларды сәтті жүзеге асырып келе жатқан, көшбасшылық әлеуеті жоғары маман. Ол компанияның жұмысын жүйелеумен қатар, Қазақстан мен ТМД елдерінде қауіпсіздік саласында кең ауқымды серіктестік орнатуға үлес қосты. Озық технологияларды енгізіп, халықаралық конференциялар арқылы елдің атын жаһанға мәшһүр етті.
Сондай-ақ, оның басшылығымен жүзеге асқан жобалар тек қауіпсіздік саласымен шектелмейді. Ол қызметкерлердің кәсіби дамуына да ерекше көңіл бөлді. Оқу курстары, халықаралық форумдар, жаңа технологияларды енгізу – бәрі де осы азаматтың тынымсыз еңбегінің жемісі.
Ел тыныштығы үшін тер төккен, өз ісіне адал, ұлт қауіпсіздігі үшін қызмет етуді абырой санаған Мұстафин Асқардың ерен еңбегі ел есінде мәңгі қалмақ. Қауіп пен қатер қаптаған сәтте қорған бола білген, бейбіт күннің сақшысы атанған азаматтың мұндай ерлігі елге үлгі, ұрпаққа өнеге.
Қанша уақыт өтсе де, ел үшін төгілген тер, атқарылған адал еңбек ұмытылмайды. Асқар Мұстафиннің есімі – сол ерлер шоғырындағы шоқтығы биік тұлға болып жадымызда қалары хақ.

Ақгүл Айдарбекқызы

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Марафонға Қойылатын Шектеулер: Вице-министрдің Жауабы

admin_sunqar

Шетелдегі этникалық қазақ балаларына iQanat мектебінде тегін оқытуға білім гранттары бөлінеді

Redaktor SunqarNews

Үш қалада ауа сапасы нашарлайды: бүгінгі болжам

admin_sunqar

Пікір жазу