SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қуаныш Қабдолов — «Атырау» футбол клубының бас бапкері

37 жастағы Қуаныш Кенжәліұлының футболдағы карьерасы «Атырау» клубында басталған. 2009-2012 жылдары ол «Атыраудың» жастар командасында бас бапкердің көмекшісі лауазымын атқарды. 2013 жылы клубтың футбол орталығына жетекшілік етіп, 1999 жылғы жасөспірімдер командасының Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетуіне ықпал етті. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

2014-2020 жылдары Кенжәліұлы «Атыраудың» негізгі командасының бапкерлік құрамында бас бапкер көмекшісі және бас жаттықтырушы ретінде қызмет етіп, команда Қазақстан кубогының финалына екі рет (2017 және 2019 жылдары) шықты. 2021-2022 жылдар аралығында ол «Тұран» клубының бас бапкеріне көмекші қызметін атқарып, кейін команданың тізгінін өзі ұстады.

Өткен маусымда Қуаныш Кенжәліұлы ақтаулық «Каспийдің» бас бапкері ретінде бірінші лиганың қола жүлдесіне қол жеткізді. Биыл ол «Атырау» QJL командаларының үйлестірушісі болып қызмет етті. Еске сала кетсек, бұған дейін «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткені хабарланған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Жұмыс берушілермен кездесу өтті

Redaktor SunqarNews

Аққан жұлдыздарды қашан және қалай жақсы көруге болады

admin_sunqar

Головкиннің FIBA Бас хатшысымен кездесуі

admin_sunqar

Пікір жазу