SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қызылордада автобустар бір күнге кітапхана болды: ерекше шара өткізілді

Қызылордада №1 қоғамдық көлік бір күнге кітапханаға айналды. Теміржол вокзалынан бастау алған бұл бастама көліктің сыртқы және ішкі көрінісін шарлар мен дәйекті сөздермен әсемдеп, ерекше күйге енгізді. Жолаушыларға кітапқа қатысты халықаралық жобалар кітапханашылар тарапынан таныстырылды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Қалалық кітапхананың қызметкері Нұргүл Төлеубайдың айтуынша, алғаш рет күнтізбеге енгізілген атаулы күнге орай бүкіл облыста ұлттық кітап апталығы өтуде. Бұл мәдени шара ұлттық әдеби мұрамызды насихаттап, шығарма авторларының абыройын арттырады деп күтілуде.

Іс-шара аясында белсенді оқырмандар ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жас өнерпаздар әннен шашу шашты. Жолаушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің жалғасын табуға тырысты. Оларға арнайы сыйлықтар берілді.

Бұл мәдени шараға «Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалы мен Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің құрылтайшысы Мирамбек Исаев демеушілік көрсетті. Ұлттық кітап күні аясындағы іс-шаралар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен «Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күнінен бастау алған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Вашингтон штаты жалға берушілердің бағаны келісіп белгілеуіне көмектеседі деп айыпталған Техас бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясына қарсы сот ісін бастайтынын жариялады.

admin_sunqar

Маңғыстау облысында Жұмысшы мамандықтары жылы: су бұру, гидрогеология, өнеркәсіпті автоматтандыру саласында жаңа мамандықтар ашу

Redaktor SunqarNews

«Адам саудасы құрбандарына көмек көрсетудегі өзекті мәселелер». Жоба аясында дөңгелек үстел өтті

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу