SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

ШҚО Зайсан ауданының тұрғындары жолдың нашарлығына шағымданады

Біржан-Акаралы тасжолы жергілікті тұрғындарды әбден шаршатты. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады. Қыста қар еріп, күзде жаңбыр жауған кезде жол балшыққа айналып, ауылдардан Зайсан қаласына жету қиындайды. Тұрғындардың айтуынша, жедел жәрдем де уақытылы келе алмай, жағдай ушығып отыр. Әкімдікке бұл мәселені бірнеше жыл бойы айтып келе жатса да, шешімін таппаған.

Зайсан ауданының әкімдігі жолдың жағдайы жөнінде ресми мәлімет берді. Әкім орынбасары Данияр Серіковтің айтуынша, 12 шақырымдық Біржан-Акаралы тасжолы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының балансында тұр. Жолды орташа жөндеуді 2025 жылға жоспарлап отыр. Тұрғындардан да жөндеу бойынша ұсыныстар түскен.

Биылғы жылы Тасбастау ауылының көшелері 61,7 миллион теңгеге жөндеуден өтеді. Айнабұлақ ауылындағы 9 көшені орташа жөндеуге 210 миллион теңге бөлінген. Біржан ауылындағы кейбір көшелердің жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, 80 миллион теңгеге жөндеу жоспарланған. Дайыр ауылындағы Абай көшесін 58 миллион теңгеге жөндейді. Көкжыра ауылындағы екі көше де орташа жөндеуден өткізіледі. Қарабұлақ ауылындағы Абай көшесін жөндеуге 69,6 миллион теңге көзделген.

Сонымен қатар, аудандық маңызы бар «Зайсан-Жаңатұрмыс-Шүршітсу» (0-12 шақырым) жолы да биыл жөнделетін болады. Бұған дейін, аймақ тұрғындары Шығыс Қазақстанда жолдың су шайып кеткені туралы хабарлаған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

“Кемсіту емес”. Белгілі кәсіпкер африкалық жігітке ерекше сый жасады

Redaktor SunqarNews

Дина Таңсәрі Черногориядан саяси баспана алуды өтінді

admin_sunqar

Өнерліге ашылған өріс: Жаңа оқулық балаларға жол тартты

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу