2025 жылғы 20 қараша күні Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында, «Адам және қоғам» үкіметтік емес ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Желтоқсан-86 саябағында жастарға арналған спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған шаралар Желтоқсан оқиғасының ардагерлерінің қатысуымен өтіп, жастарды салауатты өмір салтына баулу, патриоттық рухты нығайту және азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында өткізілді. Спорттық бағдарламалар барысында жастар әртүрлі жарыстарға қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен төзімділігін сынады.
Шара барысында Желтоқсан ардагерлері жастармен кездесіп, ел тәуелсіздігі жолындағы күрес, ұлттық рух пен бірлік туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Ардагерлердің өнегелі әңгімелері жастарға ерекше әсер қалдырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық және патриоттық бағыттағы іс-шаралар жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ел тарихына деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
