SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Каспийде браконьерлік ауға түскен итбалықтар мен бекіре балықтар анықталды.

Өткен демалыс күні Форт-Шевченко қаласына қайтып келе жатқан су көлігі экипажы Құлалы аралы аумағынан браконьерлік ауларды тауып алды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Команда Маңғыстау облыстық балық инспекциясына дереу хабар берді. Түпқараған аудандық балық инспекциясының бас маманы Андрей Руцкийдің мәлімдеуінше, оқиға орнына жергілікті инспекторлар, шекарашылар және Атырау облысынан «Бекіре-2025» рейді аясында келген жедел топ кіріскен.

Заңсыз аулардан екі итбалық және бес бекіре тұқымдас балықтың өлі денелері табылды. Балықтар жартылай бұзылған күйде болған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғау мақсатында барлық материалдар Түпқараған аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Бұған дейін де Маңғыстауда браконьерлерден табылған өлі итбалықтар жөнінде дерек тіркелген болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Жаңалықтар Арнайы «кеңес беру қызметі» құрылды

Redaktor SunqarNews

САПАЛЫ БІЛІМ мен БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!

Redaktor SunqarNews

Shymkent Azamattyq BasQaru жобасын жүзеге асыру: жергілікті халықты шешім қабылдау процесіне тарту

Redaktor SunqarNews