SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Дүниежүзілік банк Қырғызстанның ауыз суға қол жеткізуін жақсарту үшін 121 млн доллар бөледі

Дүниежүзілік банк мәліметіне сүйенсек, Қырғызстандағы «Сумен жабдықтауға және санитарияға жалпыға ортақ қолжетімділік» бағдарламасы бірқатар халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылады. Бұл жоба Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің 50 млн доллар несиесімен, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы қорының 20 млн доллар несиесімен, Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігінің 9 млн доллар гранты және АИИБ 3,75 млн доллар гранты есебінен қаржыландырылып отыр. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Дүниежүзілік банктің Қырғыз Республикасындағы өкілі Хью Ридделл мәлімдегендей, алдағы онжылдықта бұл бағдарлама елдің миллион азаматына таза су мен санитарияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл өмір сапасын жақсартып, адами капиталды нығайтуға және болашақ ұрпақтың әл-ауқатын арттыруға септік болмақ.

Бағдарламаның алғашқы кезеңі Халықаралық даму қауымдастығы арқылы жеңілдетілген шарттармен қаржыландырылмақ. Бұл жоба 2029 жылға дейін халықаралық жоғары стандарттарға сай жүзеге асырылады. Бұған дейін Қырғызстан саудагерлер үшін патент жүйесін қайта енгізгенін атап өткен едік.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-та жоғары тарифтер сақталса, 2025 жылы рецессия болуы мүмкін деген болжам жасалды

admin_sunqar

«Жетісу» клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалында

admin_sunqar

Еріктілер – қоғамның жүрегі, болашақтың тірегі

Redaktor SunqarNews