SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне діни экстремизмнің алдын алу бойынша оқыту өткізілді

 

Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына жол бермеу, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

2026 жылғы 22 мамырда Алматы облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу мәселелеріне арналған семинар өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін күшейту.

Семинар барысында қатысушыларға діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ деструктивті діни идеологияның алдын алуда қолданылатын психологиялық және конфликтологиялық тәсілдерге ерекше назар аударылды.

Маманның кәсіби қызметінде азаматтармен дұрыс қарым-қатынас орнату мен күрделі жағдайларда тиімді коммуникация жүргізудің маңызы зор. Осыған байланысты семинарда қоғаммен өзара байланыс орнатудың тиімді жолдары, азаматтардың діни мәселелер бойынша сұрақтарына дұрыс жауап беру және түсіндіру жұмыстарының ерекшеліктері қарастырылды.

Іс-шара барысында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен діни саладағы заңнамалық негіздер де талқыланды. Қатысушылар қолданыстағы құқықтық нормаларға қатысты ақпарат алып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы қызметте заң талаптарын сақтаудың маңызын талқылады.

Оқыту семинары дәрістермен қатар тәжірибелік тренингтер форматында ұйымдастырылды. Қатысушылар нақты жағдайларды талдап, түрлі конфликтілік жағдайда әрекет ету, ақпаратты саралау және профилактикалық жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша практикалық тапсырмаларды орындады.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – тек бір ғана мемлекеттік органның емес, қоғамның қауіпсіздігіне жауапты барлық құрылымдардың үйлесімді жұмысын талап ететін маңызды міндет. Осы тұрғыдан алғанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған мұндай семинарлардың маңызы зор.

Семинар қорытындысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу бағытындағы жұмысты жетілдіру жолдарын талқылады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында қылмыстық топ ормандағы ағашты 500 млн теңгеге ұрлаған

admin_sunqar

«Балажан»: ата-ана сенімі мен бала қуанышы

Redaktor SunqarNews

Ақтөбеде үлескерлердің қаржысын жымқырған кәсіпкер сотталды

admin_sunqar