SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Әділетті қоғамды кім қалыптастырады: мемлекет пе, әлде азаматтар ма?

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті Аударма ісі (батыс тілдері) білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің қатысуымен «ТДМ 16. Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» қағидаты аясында «Әділетті қоғамды кім қалыптастырады: мемлекет пе, әлде азаматтар ма?» атты пікірталас ұйымдастырылды.

Пікірталастың негізгі мақсаты – студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыру, әділетті қоғам қалыптастырудағы мемлекет пен азаматтардың рөлін талқылау, сондай-ақ бейбітшілік, заң үстемдігі және тиімді институттардың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Іс-шара барысында студенттер екі тарапқа бөлініп, әділетті қоғамды қалыптастырудағы мемлекет пен азаматтардың жауапкершілігіне қатысты өз көзқарастарын ортаға салды.

Пікірталас барысында студенттер сыни ойлау, өз ойын еркін жеткізу, пікірді дәлелдеу және қарсы тараптың ұстанымын тыңдау дағдыларын дамытты. Қоғамның тұрақты әрі әділетті дамуы мемлекет пен азаматтардың өзара ынтымақтастығына тікелей байланысты екені атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушылар пікірталас нәтижелерін қорытындылап, әділетті қоғам құру – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі деген тұжырымға келді.

Шетел филологиясы және аударма ісі
кафедрасының оқытушысы
Ақбота Кенжеқожаева

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Дрондар АҚШ-тың ірі әуежайлары маңында ұшақтарға қауіп төндіруде.

admin_sunqar

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі

admin_sunqar

Tesla-ның қолданылған көліктерінің бағасы құлдырауда, бұл электр көліктерін өндіруші үшін тағы бір алаңдатарлық белгі

admin_sunqar