SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Жаңаөзенде «Кемелденудің жеті шеңбері» тұжырымдамасына арналған ескерткіш ашылды

2026 жылғы 5 қарашада Жаңаөзен қаласындағы «Болашақ» сарайының алдында «Кемелденудің жеті шеңбері» философиялық тұжырымдамасына арналған екінші символдық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған тұжырымдама ақын, философ Мұратхан Шоқанның «Жаратылыснама» кітабынан алынған. Оның басты идеясы – адамның рухани дамуын, жанашырлық аясын кеңейтуді және қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруды насихаттау.

Салтанатты шараға қала басшылығы, мәдениет және әдебиет саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ашылу рәсімінде Жаңаөзен қаласының әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаев сөз сөйлеп, бастаманың рухани-тәрбиелік маңызына тоқталды.

Іс-шараны ұйымдастыруға Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Саламадинқызы Жүгембаева мен Мұнайшы мәдениет үйінің директоры Өркен Нұратдинұлы Туебаев үлес қосты.

Бастамаға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Құрылтай депутаттары Жарқынбек Амантайұлы мен Дидарбек Ділдәбек, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев және шетелдік қаламгерлер қолдау білдіріп, құттықтау лебіздерін жолдады.

Сонымен қатар Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері Мыңбай Сақи Еңсепұлы ақ тілегін арнап, игі бастаманың жалғасын табуына ниет білдірді.

Жеті шеңбердің философиялық мазмұны

Тұжырымдаманың негізгі өзегі – адамның қамқорлық пен жауапкершілік аясын кеңейту. Оның мазмұны отбасыдан басталып, жақын орта, қоғам, ұлт, адамзат және тұтас жаратылысқа деген жанашырлықты қамтиды.

Бұл идея адамның жеке мүддеден жоғары көтеріліп, қоғамдық және жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуіне бағытталған. Өзгеге қолдау көрсету, қоршаған ортаға қамқорлық таныту, қоғамның болашағына жауапкершілікпен қарау – тұжырымдаманың басты қағидалары.

Алматыда бастау алған символдық ескерткіштер жобасының Жаңаөзенде жалғасын табуы оның өңірлік деңгейде насихатталуына мүмкіндік береді.

«Болашақ» сарайының алдында орнатылған ескерткіш тұрғындар мен қала қонақтарының назарын ізгілік, адамгершілік, табиғатқа құрмет және ортақ жауапкершілік мәселелеріне аударуға бағытталған.

Жаңаөзендегі бұл мәдени-рухани бастама қоғамдық кеңістікті сәулеттік нысанмен толықтырумен қатар, философиялық құндылықтарды дәріптеудің де үлгісі болып отыр.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

DHL компаниясы Трамптың тариф жоспарына байланысты 800 доллардан асатын жөнелтілімдерді тоқтатты.

admin_sunqar

Marin округіндегі жол апатынан қаза тапқан 4 жасөспірімнің аты-жөні анықталды; қайғылы оқиғаға байланысты жиын өтті.

admin_sunqar

ИСТОРИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ В ФОРМЕ МАРГАСКА ЖЫРАУ

Redaktor SunqarNews