SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ата-аналар Шәмші әндерінен жарысқа түсті

«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубтары жобасын іске асырушы «Асыл дария» АҚ Алатау 2 бөлімінде композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты — композитор мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау.
Іс-шара тәлім алушылардың ата-аналарының және қазақ өнері мен әдебиетінің танымал тұлғаларының қатысуымен ұйымдастырылды.

Іс-шара Аталар мен Әкелер ( «Ақ сұңқарым») және Әжелер мен Аналар (“Әнім сен едің”) командаларының үш кезеңдік өнер сайысына негізделді.

Командалар пианинода ойналған әуеннен Шәмші әнінің атауын тауып, келесі кезеңде Шәмші шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, соңғы кезеңде бір жолы айтылған әндерді Іле жалғастырып жарысқа түсті.

Белгілі әнші Жоламан Құжиманов композитор өмірі мен шығармашылығына тоқталып, тәлім алушылардың жас ерекшелігіне лайықтап мәліметтер меңгертті.

Командалар жарысына қазылық етушілерді қазақтың танымал ақын қызы — Шәмшия Жұбатова басқарды.

Мұнда Шәмші әуені асқақтап, жеке және топтық орындауларда шырқалды.
Іс-шара балақайларға тамаша көңіл-күй, жағымды әсер сыйлады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Біздің галактикалық көршіміз Андромеда бірнеше спутник галактикаларға ие — және олар біртүрлі түрде бізге бағытталған.

admin_sunqar

БАПОР Бас комиссары: Газа үмітсіздік еліне айналды — SEO талаптарына сай ықшамдалған түрде қайта жазу: Газа — үмітсіздік елі, дейді БАПОР Бас комиссары.

admin_sunqar

900 жыл бұрынғы Ватиканның ақырзаман туралы пайғамбары Папа Франциск ауырып қалған кезде қайтадан талқылана бастады

admin_sunqar