SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Орталыққа келгелі өзіме ұнайтын іспен тұрақты айналыса бастадым»: Түрксіб ауданындағы демалыс орталықтары

Алматыда 14—18 жастағы жасөспірімдерге арналған 100 бос демалыс орталығы жұмыс істейді. Оларда 300-ден астам үйірме бар. Бүгінде бұл орталықтар 12 мыңнан астам жасөспірімді қамтып отыр. Мектептен кейін балалар мұнда өз қызығушылығына сай үйірме таңдап, жаңа дағдыларды меңгере алады.

Қалалық желінің 12 орталығы Түрксіб ауданында орналасқан. Аудан жасөспірімдері үшін бұл — үйіне жақын жерде спортпен айналысуға, шығармашылық қабілетін дамытуға және қатарластарымен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік. Үйірмелерге тегін қатысу жасөспірімге өзі қызыққан бағытты байқап көруге, ал ұнаса, сол іспен тұрақты айналысуға жол ашады.

Тұрақты сабақ барысында жасөспірімдер өз еңбегінің нәтижесін көреді. Бірі бұрын қолынан келмеген жаттығуды меңгерсе, енді бірі шығармашылық жұмысын аяқтап, оны өзгелерге таныстыруға үйренеді. Осындай жетістіктер олардың өзіне деген сенімін арттырып, бастаған ісін жалғастыруға ынталандырады.

«Сабақтан кейін немен айналысқым келетінін бұрын білмейтінмін. Орталыққа келгелі өзіме ұнайтын іспен тұрақты айналыса бастадым. Бір нәрсе бірден шықпай қалса, қайта жасап көремін. Ал қолымнан келгенде, келесі сабаққа одан сайын барғым келеді», — дейді Түрксіб ауданындағы демалыс орталығының тәрбиеленушісі Сағат Гүлден.

Айта кетейік, аталған демалыс орталықтар Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жұмыс істейді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл полицейлері оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік туралы түсіндірді

admin_sunqar

Рим Папасы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтына алғыс хат жолдады

Redaktor SunqarNews

Ауа райы суық. Барлығы су болып жатыр. Бірақ бұл игі іс үшін жасалады. Неге Мұзды шелек сын-төгісі он жылдан астам уақыттан кейін қайта оралуда?

admin_sunqar