SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Рим Папасы Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтына алғыс хат жолдады

Рим Папасы Лев XIV-тің атынан Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұжымына алғыс хат келіп түсті. Бұл туралы профессор Дүкен Мәсімханұлы  Facebook парақшасында хабарлады.

Аталған хатта Папаның атынан сөйлеген Ватикан Мемлекеттік хатшысының орынбасары, архиепископ Эдгар Пенья Парра профессор, ғылым докторы Дүкен Мәсімханұлына және институт ұжымына шынайы ризашылығын білдірген.

«Мен Жоғары Қасиетті Рим Папасы Лев XIV-тің атынан оның Жоғарғы Папа болып сайлануына орай Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ұжымы атынан жолдаған жылы лебіздеріңіз үшін  сізге және институт ұжымына шынайы алғысымды айтамын.

Рим Папасы осындай құрмет көрсеткендеріңіз үшін шексіз ризашылығын білдіреді және сізге өзінің ізгі тілегін жолдайды.  Баршаңызға Жаратушы иеміздің көптеген  нығметін шын жүрекпен тілейді»,—делінген хатта.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Духовное согласие и цифровая реальность: разговор эпох

Redaktor SunqarNews

Руслан Берденовтың Өміріне Қауіп Жоқ: Толық Ақпарат

admin_sunqar

17 ЖЫЛ КҮТКЕН ЖЕҢІС. АБАЙ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕБІ АШЫЛМАҚ

Redaktor SunqarNews