Алматыда 100 демалыс орталығы жұмыс істейді. Оларға 13 мыңнан астам жас тұрақты қатысады. Қала бойынша спорт, шахмат, би, вокал, бейнелеу өнері және IT бағыттарында 300-ден астам тегін үйірме мен секция бар. Орталықтар жасөспірімдерге сабақтан кейін үйіне жақын жерде өзіне ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндік береді.
Медеу ауданындағы демалыс орталықтары да осы қағидамен жұмыс істейді. Мәселен, Алатау шағынауданында «Алатау» орталығы, Қонаев көшесінде Champion, ал Достық даңғылында «Спартак» орналасқан. Орталықтардың ауданның әр бөлігінде орналасуы жасөспірімдерге үйіне жақын үйірме таңдап, сабаққа тұрақты қатысуға мүмкіндік береді.

Үйірмеге тұрақты қатысқан жасөспірімдер үйренгенін жарыстар мен байқауларда көрсете алады. Медеу ауданының демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері қалалық, республикалық және халықаралық жарыстар мен шығармашылық байқауларға қатысып жүр. Мұндай шаралар оларға өз деңгейін байқап, келесі мақсатын айқындауға көмектеседі.
«Мен үшін демалыс орталығының маңызы зор. Осы жерде бірнеше үйірмеге қатысып көріп, өзіме не ұнайтынын түсіндім. Осындай тегін үйірмелер үйдің жанында болғаны жақсы. Сабақтан кейін өзім келе аламын, алысқа барудың қажеті жоқ», — деп атап Чемпион демалыс орталығының тәрбиеленушісі.
Алматының демалыс орталықтарында жыл сайын мыңнан астам іс-шара өтеді. Олардың қатарында жарыстар, шығармашылық байқаулар, фестивальдер мен шеберлік сабақтары бар. Орталықтардың мекенжайлары мен байланыс деректері Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының сайтында жарияланған.
