SunqarNews ақпараттық порталы
Спорт

Үйге жақын тегін үйірмелер: Түрксіб ауданындағы демалыс орталықтары қалай жұмыс істейді

Алғашқы жаттығудан жеңіс тұғырына дейін: Түрксіб ауданының демалыс орталықтары жасөспірімдерге қандай мүмкіндік береді

Алматыда 100 демалыс орталығы жұмыс істейді. Оларға 13 мыңнан астам жастар мен жасөспірім тұрақты қатысады. Қала бойынша спорт, шахмат, би, вокал, бейнелеу өнері және IT бағыттарында 300-ден астам тегін үйірме мен секция бар. Бұл желінің басты ерекшелігі —балалардың өзіне ұнайтын іспен үйіне жақын жерде, сабақтан кейін айналыса алуы.

Түрксіб ауданында да орталықтар осы қағидамен жұмыс істейді. Мәселен, Жас Қанат шағынауданында Sadaq пен Delta, Әлмеректе «Арлан» мен «Тау», ал Жұлдыз-1 шағынауданында «Оркен» орталығы орналасқан. Үйге жақын үйірме жасөспірімге жаңа іспен айналысып көруге, қызыққан бағытын таңдап, оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді.

Осындай мүмкіндік кейбір тәрбиеленушілер үшін алғашқы жарыстар мен жүлделерге жол ашады. Мәселен, 2026 жылы «Түрксіб» демалыс орталығының шәкірттері жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан Алматының ашық чемпионатында екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

«Орталыққа алғаш келгенде дзюдомен айналысып көргім келді. Үйге жақын әрі тегін болған соң, сабақтан кейін жаттығуға тұрақты бара алдым. Осында достар таптым, бапкерім алғашқы жарысыма дайындалуға көмектесті. Қазір жаттығуға өзім мақсат қойып келемін. Оған жету үшін не істеу керегін де білемін», — деп атап демалыс орталық тәрбиеленушісі.

Жасөспірімдер үйірмеде үйренгенін жарыстарда, шығармашылық байқаулар мен фестивальдерде көрсете алады. Алматының демалыс орталықтары жыл сайын осындай мыңнан астам іс-шара өткізеді. Орталықтардың мекенжайлары мен байланыс деректері Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының сайтында жарияланған.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

Бифат Елтаева

Адам саудасына қатысты жылжымалы мобильді консультация өтті

Redaktor SunqarNews

«Адам саудасының құрбандарына көмек» жобасы аясында жалпы жұмыс жүргізілді

Redaktor SunqarNews