2025 жылғы 21 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (ХИТУ) екі күндік инновациялар марафоны – «AI in Engineering Hackathon 2025» хакатоны басталды.
Хакатонның салтанатты ашылу рәсімінде индустрияның және университеттің басты өкілдері сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап қана қоймай, нақты қолданбалы міндеттерді белгіледі және болашақ шешімдерден күтетін үміттерін білдірді.
ХИТУ ректоры, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының Корреспондент-мүшесі Ақпанбетов Дархан Берікұлы өз кезегінде қатысушыларға сәттілік тілеп, тосын әрі тың шешімдер күтетінін атап өтті. ХИТУ ректоры мұндай іс-шаралар идеялар мен таланттарды біріктіріп, инновациялар үшін платформа жасайтынын айтты.
Ол Президент Қ. Тоқаевтың: «Жасанды интеллект бұл трансформацияның қозғаушы күшіне айналады… Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанды озық, өркениетті мемлекетке айналдыру», — деген сөзін негізге алды.
«Инновациялық-Индустриялық Даму Альянсы» Ассоциациясының Президенті және «Dolce Group» компаниялар тобының құрылтайшысы Ли Елена Эдуардовна мұндай бастамалардың Мемлекет басшысының үндеуіне тікелей жауап екенін баса айтты.
Серіктестердің өкілдері жасанды интеллектіге деген секторлық сұранысқа назар аударды:
«Sea Star Tourism» ЖШС директоры Т.Б. Хасенов туризм саласындағы ЖИ көмегімен шешуді қажет ететін мәселелерді көрсетті.
«Bereke Bank» АҚ «Саламат» әмбебап бөлімшесінің бастығы М.С. Күнурбаева банк секторындағы ЖИ қажеттілігін атап өтті.
«Data Group» ЖШС директоры А. Ақтау ЖИ арқылы мәселелерді шешуге ерекше қызығушылық танытты.
Хакатонның негізгі міндеттерін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Стратегиялық талдау және корпоративтік даму департаментінің директоры Б.Т. Имашев таныстырып, шешімдердің тәжірибелік құндылығына баса назар аударды.
Іс-шараның серіктестері: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, DATA GROUP, «Bereke Bank» АҚ, «Nception Labs» ЖШС, B-Apps, «Sea Star Tourism» ЖШС, DEMETRA және «Dolce-Pharm» ЖШС.
Жарысқа Алматы қаласының жоғары оқу орындарынан келген инженерлер, бағдарламашылар және зерттеушілерден құралған 47 команда жиналды. Оларға 24 сағат ішінде ерекше басымдықтарға сәйкес келетін тың ЖИ-шешімдерді әзірлеу міндеттелді.
Негізгі бағыттары – экономикадағы ЖИ: Қаржылық талдау және экономикалық процестерді оңтайландыру үшін интеллектуалды жүйелерді әзірлеу. Білім берудегі ЖИ: Білім беру ортасын жақсарту және кампусты басқару үшін жүйелер құру. Экологиядағы ЖИ: Экологиялық мәселелерді шешу және орнықты технологияларды дамыту үшін ЖИ-ді қолдану.
Жеңімпаздарды сипаттамалары жоғары заманауи ноутбук күтеді.
ХИТУ-да өтіп жатқан «AI in Engineering Hackathon 2025» барлық қатысушыларына ерекше басымдықтарға сәйкес келетін тың ЖИ-шешімдерді әзірлеуде сәттілік тілейміз!
