SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Ақтауда Каспий жағалауынан құстар өлексесі табылды

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы 21 сәуірде Ақтау қаласындағы Aktau Riviera және Rixos Golf & Villas демалыс орындарының жағалауын тексеруді жүргізді. Осы тексеру барысында инспекция қызметкерлері үш үйрекке, екі су құзғынына және екі қасқалдақ пен шағалаға тиесілі құс өлекселерін анықтады. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Инспекция мамандарының мәліметінше, өлекселер шамамен бір ай бұрын пайда болған. Бұл құстардың денелері шіріп кеткендіктен, нақты себептерін анықтауға арналған ветеринарлық сынама алу мүмкін болмады. Дегенмен, құстардың жаппай қырылуы орын алған жоқ.

2025 жылдың ақпан-наурыз айларында облыстық аумақта құстардың көктемгі миграциясы жүріп, көптеген құстар, соның ішінде үйрек, қасқалдақ, шалшықшы, аққулар мен қоқиқаздар Маңғыстау өңіріне тоқтаған. Инспекцияның хабарлауынша, теңіз желдері өлі құстардың денелерін жағаға шығарып тастаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда оқушылар сыныптасының өкпесін қысып, оны талдырып тастағаны туралы жазған болатынбыз.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қарағандыда тағы екі жайлы мектептің құрылысы аяқталды

Redaktor SunqarNews

«Ешкімнің фамилиясы тексерусіз қалмайды»: депутат Саиров Құлыбаев пен Назарбаевтың туыстары мен жақындары да тексерілетінін айтты

Redaktor SunqarNews

84 жастағы ер адам айқышқа шегелеу көрінісін сахналау кезінде құлап, ауыр жарақат алды.

admin_sunqar

Пікір жазу