SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Алматыда мас күйіндегі 28 жүргізуші ұсталды

Алматы қаласының Полиция департаментінің деректері бойынша, өткен демалыс күндері қаланың жолдарында көлікті мас күйінде басқарған 28 жүргізуші қамауға алынды. Жыл басынан бері Алматыда осындай 800-ден астам құқық бұзушы анықталып, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев мас күйінде көлік жүргізудің өзге адамдардың өміріне қауіп төндіретінін ескертті. Полиция мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын қатаң жалғастыра беретінін және азаматтарға жауапкершілікке шақыратынын айтты. Егер сіз мас жүргізушіні байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сонымен қатар, бұған дейін Алматыда көлікке оқ атқан адамдардың ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қорғас желісі мен «Достық» станциясы – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері

Redaktor SunqarNews

Баланың болашағына салынған инвестиция: кітапхана үйірмелері тегін қызмет көрсетеді

Redaktor SunqarNews

БҚО: Алаяқтар мұғалімнің атына 9 млн теңге несие алды

admin_sunqar