SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Астаналық спортшылар халықаралық конкурда 33 медаль иеленді

Челябинск қаласында орналасқан «Рифей» олимпиадалық резерв спорт мектебінде беделді ат жарысы ұйымдастырылды. Бұл жарыста елордалық спортшылардың жоғары деңгейде дайындалғаны анық байқалды. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Астананың намысын «Арғымақ» ат-спорт кешенінің шабандоздары қорғады. Жарыс нәтижесінде елордалық команда 12 алтын, 10 күміс және 11 қола жүлдеге қол жеткізді. Жарыс үш жас санатына бөлінді: балалар, жасөспірімдер және ересектер. Балалар номинациясында алғаш рет халықаралық жарысқа қатысқан жас шабандоздар Қазақстанның намысын абыроймен қорғап шықты.

Бұған дейін де астаналық спортшылар гимнастикадан әлем кубогында қола жүлде жеңіп алған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті

Redaktor SunqarNews

Commscope Holding (COMM) hedge қорларының пікірінше сатып алуға ең бағаланбаған акция ма?

admin_sunqar

Абақтыдағы кездесу

Redaktor SunqarNews