«Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей» деп атам қазақ бекер айтпаған. Сондықтан да кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру өте жауапты іс. Кәмелетке жасы толмағандардың еңбек құқығын сақтау заңдылығын орындау да қаперден шықпауы тиіс.
Осы орайда Семей қаласында орналасқан Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында бала тәрбиесіне ерекше мән беріліп, олардың бос уақыттарын тиімді өткізуге әртүрлі жобалар жұмыс жасауда. Жобалар – үйірмелер арқылы іске асуда.
Расында да, үйірмелер балалардың бос уақытын үйлестіріп қана қоймай, олардың қабілеттерін шыңдайды.
Жасөспірімдер бос уақытын ойынмен, оқумен, спортпен айналысып, мәдениетпен, техникамен пайдалану үшін қолданып, адамгершілік, ақыл-ой және физикалық дамиды. Ал белсенді, ақылға қонымды демалыс — бұл өнімділікті сақтау мен жақсартудың маңызды құралы. Әр түрлі үйірмелер мен секцияларға бару балалардың дамуына жағымды әсер етеді. Бұл олардың сөйлеу және қозғалыс дағдыларын жетілдіруге көмектеседі, балалар көпшіл, тәуелсіз болады, ерекше дағдыларға ие болады. Болашақта мұндай балаларды ересектерге біріктіру оңайырақ.
Жеткіншектердің бұл жан-жақтылығы есепке алына отырып, кітапханада 4-15 жас аралығындағы балаларға арналып әртүрлі үйірмелер арқылы жүзеге асуда. Соның бірі «Сиқырлы қылқалам» үйірмесі. Бұл сурет үйірмесі сабағы балалардың көркем қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен қатар, сурет салу процесінде коммуникативтік дағдыларын да дамытуға мүмкіндік береді. Балалардың сурет салу барысында белгілі бір білім, білік, дағдыларын меңгеруі, балаға өз қабілетін анықтап, түсінуге қалыптастырады.
Халықтық қолданбалы қолөнер саласын қамтитын «Шебер қолдар» жобасы балалар үшін жұмыс істеуде. Жоба арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулып, ұлттық тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп, өнер саласындағы басылымдарды насихаттайтын бірден бір бағыт десе болады.
Осылар сияқты «Қағаз ғажайыптары» жобасы жас балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын, қол икемділігін дамыту және жетілдіру мақсатында қағаз үлгілерімен балаларға өз қиялдарын пайдалануға және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Материалдар мен құралдардың бірегей үйлесімі, қол жетімділік және орындаудың қарапайымдылығы олардың шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандырып, қуаныш пен сәттілік сезімін оятады және дағдыларды дамытады.
Бейнелеу өнерінің ерекше әрі жаңаша бағыты құммен сурет салу өнері де кітапхана назарынан тыс қалмады. Бұл бағытта «Құм арт-терапиясы» жобасы арнайы жасақталған балалар студиясы арқылы жүзеге асуда. Құммен сурет салу — бұл ертегіге, қиял әлеміне, әртүрлі бейнелерді орамды сызықтармен құмға салу. Құмға сурет салу — бұл барлық сезімдерді тартатын, шығармашылықты оятатын, босаңсытатын және бір уақытта шабыттандыратын қызықты процесс.
Жеткіншектерді қазіргі уақытта заманауи тұрғыда қызықтыру, ой өрістерін дамыту мақсатында «Робототехника» жобасына кітапханада арнайы кабинет жасақталған. Робототехника үйірмесі балалардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Балалар техникалық және роботтық ойындар арқылы балаларды технология әлемімен, оның ерекшеліктерімен және әртүрлілігімен танысады.
Сондай-ақ, «Жазғы оқу мектебі» жобасы арқылы оқырмандарды дамыту мәселесін шешуге бағытталған қала тұрғындары мен жазғы лагерьдегі балалардың жазғы демалысы кезінде ақпараттық-кітапхана жұмысын ұйымдастыру. Жобаның мақсаты кітапхананың әлеуетін пайдалану, тиімділігін арттыру арқылы кітапхананың, кітаптың, оқудың әлеуметтік маңызды мәртебесін, сондай-ақ пайдаланушылардың жалпы және ақпараттық мәдениетінің деңгейін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Шетелдік тіл дамыту мақсатында «Ағылшын тілінде сөйлесу» клубының кездесулерін АҚШ-тан келген еріктілер әр жыл сайын жүргізеді. Шет тіліне деген қызығушылығы бар жасөспірімдер осы клубқа қатысып, тіл меңгерулеріне болады.
Оқырмандар назарына құлаққағыс десек болады, үйірмелердің барлығы тегін түрде. Келіңіздер, қатысыңыздар!
Рима Қанапияқызы, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы

