SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Баскетболмен қорытындыланған «Дүйсенбілік спорт»

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Жұлдыз», «Тастақ», «Батыр», «Арасан», «Болашақ», «Саламат», «Барыс», «Байсат» сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты.

Турнирге қатысушылардың денсаулығы қадағалауға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге мейірбике Рашида Садыкова, ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция инспекторы Арай Разаққызы шақырылды.

Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ сынасып, келесі айналымға шығатын командаларды анықтау үшін барын салды.

Іріктеу ойындарының нәтижесіне сәйкес гранд финалға «Жұлдыз», «Арыстан», «Жаңа Ялян», «Арасан» командалары жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Арасан» базарынан келген команда иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. 2-орын “Жұлдыз” базарының ойыншыларына бұйырып, олар 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. “Жаңа Ялян” базары мен “Арыстан” базарының баскетболшылары 3-орынды өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгеден олжалады.

Айта кетейік, бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласындағы базар жастары арасында шағын футболдан, үстел теннисінен, киберспорттан, волейболдан турнирлер өткен болатын. Бүгінгі баскетбол жарысы осы жоба аясында өткен соңғы бесінші турнир. Жоба келесі жылы да жалғасады.

 

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда 618,1 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдары егіледі

admin_sunqar

RSW терминалын кеңейту жобасы жолаушылардың терминалдарға қолжетімділігіне әсер етеді.

admin_sunqar

Оралда соғыс жылдарынан қалған әскери жәдігерлер көрмесі өтті

admin_sunqar

Пікір жазу