SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Баскетболмен қорытындыланған «Дүйсенбілік спорт»

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Жұлдыз», «Тастақ», «Батыр», «Арасан», «Болашақ», «Саламат», «Барыс», «Байсат» сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан және жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты.

Турнирге қатысушылардың денсаулығы қадағалауға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге мейірбике Рашида Садыкова, ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция инспекторы Арай Разаққызы шақырылды.

Алғашқы күн турнирдің іріктеу ойындарына арналды. Төрт топқа бөлінген командалар өзара бақ сынасып, келесі айналымға шығатын командаларды анықтау үшін барын салды.

Іріктеу ойындарының нәтижесіне сәйкес гранд финалға «Жұлдыз», «Арыстан», «Жаңа Ялян», «Арасан» командалары жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Арасан» базарынан келген команда иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. 2-орын “Жұлдыз” базарының ойыншыларына бұйырып, олар 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. “Жаңа Ялян” базары мен “Арыстан” базарының баскетболшылары 3-орынды өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгеден олжалады.

Айта кетейік, бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласындағы базар жастары арасында шағын футболдан, үстел теннисінен, киберспорттан, волейболдан турнирлер өткен болатын. Бүгінгі баскетбол жарысы осы жоба аясында өткен соңғы бесінші турнир. Жоба келесі жылы да жалғасады.

 

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Трамптың мамырдағы Сауд Арабиясы, Қатар және БАӘ сапары: SEO талаптарына сай басты ақпарат

admin_sunqar

Сауда соғысы Бейжіңдегі америкалық стильдегі мейрамханалардан америкалық сиыр етін алып тастауға себеп болды.

admin_sunqar

Маңғыстау облысындағы заманауи мектептер: «Отпан» жобасы аясындағы Нalyk қорының үлесі

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу