SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша NEET санатындағы жастар арасындағы баскетболдан турнир өтті

2024 жылғы 23 қыркүйекте сағ. 10.00-де Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан турнир өтті.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – жастар арасындағы бір-біріне деген қамқорлық секілді қасиеттерді дамытып, еліміздің құндылықтарын қадірлеуге шақыру.
Жыл санап ауқымы кеңейіп келе жатқан «Дүйсенбілік спорт» жобасы NEET санатындағы жастарға арналған соң, бірінші базарлар мен сауда орталықтарын аралап, сонымен қатар жұмыссыз жүрген жастармен байланыс орнаттық.
Турнирге «Алматы», «Жаркент», «Достар», «Қыран», «ВКО», «Таусамал», «Алатау», «Алғабас», «Қарасаз», «Текелі», «Қазына», «Саймасай», «Шұғыла», «Legion», «Жетісу», «Ақсуат», яғни жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты.
Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда екі топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Тартысқа толы турнир барысында командалар керемет ойын өрнегін көрсетті.

Қыран командасының капитаны:
«Ел ертеңі – жастар! Сондықтан, олардың денінің саулығы мемлекеттің саулығы десек артық айтпаймыз! Және жастардың денсаулығын жақсарту, сонымен қатар спортпен айналысуға баулу өзекті мәселе екені де белгілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы шараларды көптеп ұйымдастыру аса маңызды» — деп ойлаймын.

«Қыран» мен «Шұғыла» командалары Алтын медаль мен кубок үшін жан алысып жан берісті. Финалдық байрақты бәсекедегі екі команданың шабуылшылары шеберліктерін көрсетіп-ақ бақты. Дегенмен 2:1 есебімен «Қыран» командасының жігіттер басым түсіп, Алтынды өз қанжығасына байлады.
Ала допты алақанда айналдырып, бәсекеде бақ сынаған командалар арасында «Қыран» командасы, «Дүйсенбілік спорт» жобасы, NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан өткен турнир жеңімпазы атанып, кубокты иеленді.


Өзара бақ сынасқан құрама командалар турнирі жоғары деңгейде өтті.
Турнир қортындысы бойынша бірінші орын алған «Қыран» командасына 250 мың теңгенің, екінші орын алған «Шұғыла» командасына 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі команда «Достар» және «Алатау» командаларына 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Алакөл әуендері

Redaktor SunqarNews

Ковидтан кейінгі асқынулар және олардың алдын алу жолдары

Redaktor SunqarNews

Парламент депутаттары каникулға кетті

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу