SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына сапармен келген мәртебелі мейманға жылы лебізін білдіріп, түркі халықтарына ортақ қасиетті мекен саналатын Түркістанда болғаны үшін ризашылығын жеткізді. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Президент екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, газ саласы мен көлік-логистика бағытындағы стратегиялық маңызды жобаларға ерекше назар аударылатынын айтты. Оның айтуынша, бұл жобалар қазақ-түрікмен экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Түрікменстан халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, өз кезегінде, Қазақстанды Түрікменстанның ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап, Түркістанға көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс айтып, болашақта саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың перспективалық көптеген мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.

Сапар барысында екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу, газ саласындағы серіктестікті кеңейту, оның ішінде Галкыныш кен орнын игеру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, транзит әлеуетін арттыру бағытындағы Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жол магистралы, Түрікменбашы-Гарабогаз-Қазақстан шекарасы автокөлік жол жобаларының маңыздылығы да талқыланды.

Білім беру және цифрландыру саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері де күн тәртібіне енгізіліп, Қазақстанның Түрікменстанға IT саласында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігі айтылды. Түркістанда бұл тақырыптар бойынша бұрын да ұшырасылулар болғанын SunqarNews.com агенттігі еске салады.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Tech QyzPu Nigde Hack: Хакатон жеңімпаздары анықталды

Redaktor SunqarNews

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР — ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына саяхатты

Redaktor SunqarNews

“ASSYLTAS” ҚҚ-ның демеушілігімен жарық көрген “Ділмарлар дүбірі” атты кітаптың таныстырылымы өтті

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу