SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Қазақстандық сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді

18 ақпан күні Қытай мен Ауғанстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі екі рет бүгін, 18 ақпанла екі жер сілкінісін тіркеді.

Сағат 14:59-да тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8. Магнитудасы MPV 4.6. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», — делінген ресми ақпараттарда.

17:20-да тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1 110 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқаны анықталды. Алматы қаласы ӘҚҰ кезекші операторының хабарламасында:

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. Магнитудасы MPV 5.3. Тереңдігі 35 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», — делінген.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

«Адам саудасы құрбандарына көмек көрсетудегі өзекті мәселелер». Жоба аясында дөңгелек үстел өтті

Redaktor SunqarNews

Президент жазушы Әкім Таразидің қайтыс болуына орай көңіл айту хатын жолдады

admin_sunqar

Ақсуатта “ASSYL ARLAN” және “ASSYL TULPAR” спорттық фестивальдері өтті

Redaktor SunqarNews