SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Медиация – барлық салаға ортақ іс

Жыл өткен сайын елімізде медиативтік көмекке жүгінетіндердің саны артып келеді. Дау-дамай мен жанжалды сотқа дейін жеткізбей шешетіндердің қарасы көбейген. Мұның себебі неде? Біріншіден, сот үкімі мәжбүрлі түрде орындалса, медиацияда екі жақ ерікті түрде келісімге келеді. Екіншіден, сот процесінде судья жоғарыдан тағайындалады, ал медиацияда медиаторды екі тарап бірге таңдайды. Үшіншіден, сот процесінде судья заңға сүйене отырып шешім қабылдаса, медиатор екі тараптың көзқарасын есепке ала отырып шешім қабылдайды. Төртіншіден, сот шешімі жария түрде қабылдануы мүмкін, ал медиацияда шешім өзара құпия түрде қабылданады. Медиациялық шешімнің куәгерлеріне келісім туралы тіс жаруға рұқсат етілмейді. Бесіншіден, сот шешімі тараптардың бірінің ғана талабын қанағаттандырса, медиатор шешімі екі тараптың да талабын қанағаттандырады.

Медиацияда халық­тың хабардарлығының тө­мендігі, білікті медиа­тор­лардың жетіс­пеушілігі және медиация құрылымдары үйлестіруінің жеткіліксіздігі сияқты мәселелер туындап отыр. Медиацияны одан әрі дамыту үшін халықтың хабардарлығын арттырып, медиаторларды даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ медиация институттарының жұмысын үйлестіретін орталық­тан­ды­рылған құрылымдар құрып, заңнаманы жетілдіру өзектілігі артып келеді.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы қоғамдық қоры қаладағы 8 ауданда «Медиацияны оңай үйрен!» атты мастер класс өткізді. Оған сот судьялары мен мамандары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, АХАЖ қызметкерлері, мектеп директорлары мен меңгерушілері, медициналық мекемелердің басшылары, прокуратура, полиция департаменті қызметкерлері қатысты.

Әр ауданда өткен мастер классты медиатор, «Парасат» орталығының қызметкері Мұхтар Адаев жүргізді. Оның сөзінше, медиация тақырыбы барлық салаға ортақ. «Қоғамдағы конфликтілердің сипаты ұқсас. Бірақ оларды шешу жолдары әртүрлі. Көп нәрсе медиаторлардың кәсібилігіне барып тіреледі» дейді ол.

Мастер класстар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Дулат Тастекеев ауылына аэропорт салмақ

Redaktor SunqarNews

NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті!

Redaktor SunqarNews

Парламент депутаттары каникулға кетті

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу