SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР — ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына саяхатты

Әл-Фараби атындағы https://farabi.university/
ҚазҰУ-дың, Жоғарыоқу орнынадейінгі білімберу факультеті, тұрақты даму мақсаттары(ТДМ – 11) аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Өлкетану»  үйірмесінің ұйымдастыруымен ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР — МӘДЕНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЛТЫН БЕСІГІ айналған ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайына мәдени серуен жасалып, сиреккездесетін қазақ халқының музыкалық аспап түрлеріжел буаз, адырна, шертер, кеңінен тарағандомбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, сонымен қатар, түркі халықтарының – уд, тар, дутар, гиджак, сатар, әлем халықтарыныңсаранги, пандури, мандолина, эрху, бандура т.б. аспаптарымен танысып, тамашалады.

Қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылатын Музей қорында ұлттық музыкалық аспаптар мен қатар түрік халықтары, сондай-ақ әлемнің 34 елінің музыкалық мәдениетімен таныстыратын 1000-нан астам экспонат бар. 7 экспозициялық зал жұмыс жасайды. Олар: Халық музыкасының бастауы залы, үрмелі, соқпалы-шулы аспаптар залы, шеберлер залы, мемориалдық қобыз залы, домбыра және қобыз залы, түркі халықтарының музыкалық мұрасы залы, әлем халықтарының аспаптары залы. Музейде экспонаттарды сақтау, насихаттау және музыкалық мұраны дәріптеу, сондай-ақ музей коллекцияларын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми бөлім мен қор сақтау бөлімдері, көрме залы, мәжіліс залы жұмыс жасайды.

Ерекше айта кететін жәйт, музей коллекцияларының ішіндегі ең көне және  тарихи маңызы бар аспаптардың бірі – қобыздар, аңыздай құнды әрі оның тарихы да өте қызық. Олардың қатарында XVI ғасырда жасалған Жарас бақсының нарқобызы, XIX-XX ғасырларда қолданыста болған Зердегүл бақсының қылқобызы, бақсы Мекенбай Қойбағарұлының, Исабек бақсының қылқобыздары бар.

Өлкетанудың тарихы осындай жәдігерлерге толы екен көрген тыңдаушыларда қуанышты күйде. Атамекенге келген қандастар осындай мәдени-тарихи іс-шаранын болып жатқанына ризашылықтарын білдіруде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің

аға оқытушылары: Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова, Саткенова Ж.Б.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Медиация – барлық салаға ортақ іс

Redaktor SunqarNews

Алматыда студенттер арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті

Redaktor SunqarNews

Желтоқсан – тәуелсіздік тірегі

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу