SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Шетелдіктер елімізде көбіне қай салаларда жұмыс істейді?

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту рұқсаттарының бірнеше санаты бар. Бірінші санатқа басшылар мен олардың орынбасарлары кірсе, бұл санатқа 570 рұқсат берілген. Ал екінші санат құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін, мұнда 2 439 рұқсат қарастырылған. Негізгі ШЖК тобы мамандар мен білікті жұмысшыларды қамтитын үшінші және төртінші санаттар бойынша тартылған, сәйкесінше бұл топтарға 4 541 және 1 023 адам келеді. Сонымен қатар маусымдық жұмысшылар ретінде 1 709 адам, ал корпоративтік алмасу шеңберінде 3 609 адам шақырылған. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Қазақстандағы 1 768 жұмыс беруші ШЖК пайдаланады, оларда 376 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл барлық қызметкерлердің 96,4%-ын құрайды. Шетелдік жұмысшылар көбінесе құрылыс (5 131 адам) саласында, ауыл, орман және балық шаруашылығында (1 695 адам), тау-кен өнеркәсібі (1 351 адам) және өңдеу өнеркәсібінде (1 232 адам) жұмыс істейді.

Жұмысқа тартылған еңбек мигранттарының көбі Қытайдан (4 885 адам), Өзбекстаннан (1 614 адам), Үндістаннан (1 150 адам) және Түркиядан (1 124 адам) келеді. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын шетел мамандары үшін квота белгілеп отырады. 2025 жылғы жалпы квота жұмыс күшінің 0,2% немесе 14,8 мың бірлікке дейін белгіленген. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес, бұл сан 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Еңбек министрлігі айлығы 20%-ға өсетін мамандықтарды атаған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қарызын төлемегендердің жасырын табысын inDrive және Yandex арқылы анықтау әдісі

admin_sunqar

Ардагерлердің колледж студенттерімен кездесуі

Redaktor SunqarNews

Егістік тозуы: тыңайтқыш қолдану неге аз?

admin_sunqar

Пікір жазу