SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Тоқаев пен Бердімұхамедов «Этноауыл» кешенінде болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың әртүрлі сұрыптарымен танысты. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Этноауыл кешенінде мәртебелі қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, халық шеберлері ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптейтін театрландырылған қойылымдар да орын алды.

Меймандар тазы иттері мен қыран құстарды тамашалады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Оралда соғыс жылдарынан қалған әскери жәдігерлер көрмесі өтті

admin_sunqar

Алқабилер соты The New York Times газетінің Аляска штатының бұрынғы губернаторы Сара Пэйлинді жала жаппағанын анықтады.

admin_sunqar

Абай облысының үш студенті АҚШ-қа тегін білім сапарымен аттанады

Redaktor SunqarNews