SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Тоқаев пен Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесінде болды

Қазіргі уақытта елімізде жалпы құны 36,5 миллиард теңгеге бағаланған 6 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар аясында жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері, ауыл шаруашылығы техникасы, білім және медицина салаларына арналған жиһаздар, есіктер мен өндірістік тоңазытқыштар өндірісі қолға алынған. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Өндіріс паркінің дамуының келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салып, жалпы құны 39,7 миллиард теңгені құрайтын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов қазақстандық машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінің көрмесін аралап, танысты.

Көрмеге отандық кәсіпорындардың автокөліктері, ауыл шаруашылығы техникалары, тұрмыстық техника, медициналық құрылғылар, өндірістік аккумуляторлар, жиһаздар мен текстиль өнімдері қойылған. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов отандық кәсіпорындар өкілдерімен бірге суретке түсті. Бұған дейін олардың бейресми кездесуі туралы айтылған.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

БАӘ заң шығару үшін ЖИ қолданатын алғашқы елге айналады

admin_sunqar

Алматы облысы діни бірлестіктерінің басшылары қоғамдағы рухани келісім мәселесін талқылады

Redaktor SunqarNews

Лори Валлоу Дейбелл 2019 жылы өзінің ажырасқан күйеуін өлтіруге қастандық жасағаны үшін Аризонада сотталды.

admin_sunqar