SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

«Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы» ҚБ Алматы облыстық филиалы Бауыржан Бақтыбайұлы Айнабеков

3 тамыз күні Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығында ерекше әрі мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараны «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы» ҚБ Алматы облыстық филиалы ұйымдастырды. Бастамашысы – аталған филиалдың президенті Бауыржан Бақтыбайұлы Айнабеков.

Шараның мақсаты – өмірлік сынақтарды бастан өткеріп жүрген балаларға рухани қолдау көрсету, оларды спортқа баулу және өзіне деген сенімін арттыру болды.

Бұл күні орталық тәрбиеленушілері Киокушинкай-кан каратэден еліміздің чемпиондарымен жүздесіп, еркін сұхбаттасып, каратэшілердің әсерлі шеберлік сағатын тамашалады. Спортшылар түрлі соққы техникаларын, күшке негізделген күрделі әдістер мен ағаш сындыру элементтерін көрсетіп, балаларға ерекше әсер сыйлады.

Сонымен қатар, федерация тарапынан балаларға бағалы сыйлықтар тарту етіліп, естен кетпес эмоция мен қуанышқа толы күн ұйымдастырылды.

Шара аясында федерацияның жаттықтырушысы Бекжан Батырбекұлы спортқа қызығушылық танытқан балалар үшін тұрақты түрде апталық жаттығу өткізуге ұсыныс білдірді. Бұл ұсыныс балалардың да, орталықтың да үлкен қуанышымен қабылданды.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар үшін дәмді дастархан жайылып, балалар өз өнерлерін – ән, өлең және тілектерін ортаға салды. Шынайы көңілмен өткен кездесу барысында балалар мен спортшылар бір-біріне бауыр басып, қимастықпен қоштасты.

«Бүгінгі күн бұрынғыдан өзгерек. Бұл — бала жүрегінде ұмытылмас із қалдырған мейірім мен шабыт күні болды», – дейді ұйымдастырушылар.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Ғылым аталымы бойынша Нұрхат Жақиев “ASSYLTAS” стипендиясының иегері атанды

Redaktor SunqarNews

Мына тақырыпты қазақ тіліне түсінікті етіп аударғым келеді: «Суық. Дала ылғал. Бірақ бұл – жақсы мақсат үшін. Мұзды су құю челленджі неге он жылдан астам уақыттан кейін қайта оралып отыр?»

admin_sunqar

МАРҒАСҚА ЖЫРАУ ТҰСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАҒДАЙ

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу