SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Үндістанда туристерге шабуыл: бірнеше адам қаза тапты

The Print порталы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы дереккөздерге сүйене отырып, шабуыл туралы ақпарат таратты. Алайда, үнді ақпарат құралдары құрбандар санына қатысты әртүрлі мәлімет беруде. Ресми билік әлі нақты санды жариялаған жоқ. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Шабуыл Пахалгам аймағында орын алды. Белгісіз қарулы адамдар Байсаран аңғары арқылы жаяу жүрген туристерге оқ жаудырған. Оқиға орнына дереу қауіпсіздік күштері мен медициналық қызметкерлер келді. Жергілікті билік оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады.

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди Сауд Арабиясына сапары барысында Ішкі істер министрі Амит Шахпен хабарласып, барлық қажетті шараларды қабылдап, оқиға орнына баруды тапсырды. Осыған байланысты министр Амит Шах шабуыл ұйымдастырушылары жазасыз қалмайтынын айтып, Джамму мен Кашмирге жол тартты. Онда ол ведомстволармен шұғыл қауіпсіздік кеңесін өткізуді жоспарлап отыр.

Бұдан бұрын АҚШ-тағы үнділік студенттердің ұсақ-түйек тәртіп бұзғаны үшін де депортациялануы мүмкін екені туралы хабарланған еді.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде жасөспірімге сексуалдық зорлық көрсеткен екі адам өмір бойына сотталды

admin_sunqar

Қазақ тілі мен әдебиетін тиімді оқыту жолдары

Redaktor SunqarNews

«Жетісу» клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалында

admin_sunqar

Пікір жазу