Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4) аясында «ХХІ ғасыр дағдылары» атты танымдық тренинг өтті. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ https://farabi.university/ Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Б.И. Иманбекова және Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.д. Г.Ж. Болатованың жетекшілігімен «8D02304– Әдебиеттану» мамандығының 1-курс докторанттары: Ш.Умбетаев, К. Сәбит, Г.К. Утепбергенова, Г.М. Мужигова, Ж.Б. Манапбаева, Ж. Дильдебаевалардың ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты – технология қарқынды дамып, жұмыс нарығы өзгеріп, әлемді жаһандану басқан ХХІ ғасырда кез келген салада табысты болуға және өмірдің өзгерістеріне бейімделуге көмектесетін жаңа дағдыларды меңгерту.
Тренингке Білім ордасы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің 2, 3—курс студенттері мен докторанттары және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының шетел азаматтары, сонымен қатар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері қатысты.
Тренинг барасында студент жастарды ақпаратты критикалық ойлау және анализ жасау, талдау керектігі түсіндіруге бағытталған критикалық (сыни) ойлау, қазіргі қоғамдағы түрлі бағыттағы манипуляциялардың (түрлі жарнамалардың) алдын алу және сезімдердіуақытында тиімді басқару жолдарын көрсеткенэмоционалды интеллект, жеке қаржысын тиімді басқару, табыс пен шығыстарды жоспарлау, жинақ жасауды түсіндірген қаржылық сауаттылық, уақытты тиімді жұмсау, мақсат қою мен жоспар жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын ұсынғануақытты тиімді пайдалану және басқару, дұрыс тамақтанып, спорт жаттығуларын үнемі жасағанадам өнімді жұмыс істейтіндігін дәлелдегенсалауатты өмір салтын сақтау, тәуекелдерге барып шешім қабылдау жолдарын анықтағаншешім қабылдау дағдыларымен таныстырдысондай-ақ тренинг жүргізуші докторанттар тарапынан тың ақпараттары берілді. Әр дағды бойынша перезентациялық таныстырылымдар, видео-роликтер көрсетілді, ойындар ойнатылды. Тренингте айтылған мәселелерді қорытындылау мақсатында сұрақ-жауап әдісі жүргізілді. Үздік, белсенді студенттер сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға қатысушылар арнайы QR код арқылы іс-шараға өз пікірлері мен әсерлерін білдірді. Әсіресе Атамекенге білім іздеп келген қандастар осындай мәдени-танымды іс-шараға өте риза.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы
кафедрасының ф.ғ.д., аға оқытушы Г.Ж. Болатова,
1-курс докторанттары Ш.Умбетаев, Ж.Б. Манапбаева, Ж. Дильдебаева
