Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелділік мінез-құлқының алдын алу (алкоголизм, нашақорлық, лудомания және т.б. тәуелділіктің түрлері)» жобасы аясында жылжымалы мобильдік қызметі туралы консультация, семинарлар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алғашқы жоба «Бақас» сауда үйі мен «Дамиллион» сауда орталығында консультация өтті. Консультацияға нарколог-дәрігер Айтолқын Әбдібақытқызы мен полиция подполковнигі Нуптиев Серік Хамзаұлы қатысып, жастарға қажетті кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ бұл жоба «Тринити» киберклубында өткізіліп, оған психиатр-нарколог, дәрігер Айтолқын Әбдібақытқызы қатысты. Ал «Қазына» базарында өткізілген жобаға психиатр-нарколог, дәрігер Айтолқын Әбдібақытқызының қатусымен өтті.
Сонымен қатар «Тәуелділік мінез-құлқының алдын алу (алкоголизм, нашақорлық, лудомания және т.б. тәуелділіктің түрлері)» жобасы бойынша гештальт-психолог Мурадуллаева Гульбанудың қатысуымен 3 қалалық емханасында, 5 қалалық емханасында, 8 қалалық емхана мен 26 қалалық емхана, 29 қалалық емхана, 3, қалалық емханасында, Алмалы ауданы БМСК орталығы мен ҰОС қалалық емханасында өткізілсе, психиатр, психолог Рауан Нұрғалиқызының қатысуымен 6 қалалық емхана, 11 қалалық емхана мен ДУИС Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде семинар өтті.
Аталмыш жоба аясында қызметкерлер мен емделушілерге қоғамда өршіп тұрған мәселе Лудомания, алкоголизм жайында тәуелділік мінез-құлқының себептері мен салдары туралы айтты.
Дәл осы жобаға қатысты Адырна ұлттық-этнографиялық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелділік мінез-құлқының алдын алу тақырыбымен психиатр, психолог Рауан Нұрғалиқызының қатысуымен 1. №196 Жалпы білім беретін мектепте, Қожа Ахмет Ясауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында, Қаржы-экономикалық колледжінде және Еуразия техникалық колледжіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында жастар арасында тәуелділікке қарсы білім мен ақпаратты арттырудың маңызды екендігі атап өтілді.