SunqarNews ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚоғам

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

Колледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен. Биыл студенттер стипендиясы тағы 50 пайызға артады.

«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», — деді ТжКБ бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Еске салайық, еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.

Tengrinews.kz

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Адам саудасы: Тұзаққа түспеудің жолдары бар ма?

Redaktor SunqarNews

Нашақорлықтың емделу жолдары қандай?

Redaktor SunqarNews

Адам саудасының құрбандарын медициналық көмекпен қамту. Денсаулық сақтау жүйесінің рөлі

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу