SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

ASSYLTAS ҚҚ-ның қолдауымен Серікболсын Әбділдин туралы деректі фильм түсірілді

15 желтоқсанда Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті.Фильм ASSYLTAS қоғамдық қорының қолдауымен түсірілді.

“Төраға Әбділдин” атты бір сағаттық деректі фильм замандастарының естеліктерінен басталып, тәуелсіздіктен бергі оқиғаларды қамтиды. Онда сонымен бірге Әбділдиннің сұхбаттарынан да үзінді келтіріледі.

“Cонау тоқсаншы жылдардың басында Серікболсын Әбділдин облыс әкімдеріне дейін сайлаймыз деп парламент мінберінен сөйлеп еді. Президенттің қолына барлық құзырды бермейтін Конституция қабылдады. Әрине, әріптестерімен. Бір ғана мысал, парламент конституциялық сотты, жоғарғы сот төрағасын сайлайтын. Бас прокурор мен Ұлттық банк төрағасын тағайындайтын.

Серікболсын Әбділдин
Өкінішке қарай, Қазақстан Әбділдиннің конституциясымен екі-ақ жыл өмір сүрді. Біз түсірген фильмде кейіпкеріміздің мемлекеттік тілге конституциядан қалай мәртебе алып бергені жайлы да айтылады” деп жазды фильмнің режиссері Қанат Тілеухан Instagram парақшасында.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

«60 минут» бағдарламасының үздік продюсері өз орнын босатты, себебі ол бағдарламаны бұрынғыдай жүргізе алмайтынын айтты.

admin_sunqar

NASA марсоходы Марста «бас сүйекке» ұқсайтын оғаш нәрсе тапты, ғалымдар не істерін білмей отыр.

admin_sunqar

“Базар Оңдасұлы шығармашылығы Қашаған ақынның әдеби мұралары”

Redaktor SunqarNews