SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

ШҚО-да 9 жыл ізделген қылмыскер әуежайда ұсталды

Белгілі болғандай, ер адам алаяқтық әрекеттер жасап, 5 миллион теңге көлемінде пайда көрген деген күдікке ілінген. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, оны алдап, ақшасын иемденген. Ол бірнеше жыл бойы соттан жасырынған, тұрғылықты жерін жиі өзгертіп, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүріп келген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген кезде әуежайдан тұтқындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, «Азия Авто» компаниясының бұрынғы басшысы сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында рекорд орнатты

admin_sunqar

Абай облысында қылмыстық топ ормандағы ағашты 500 млн теңгеге ұрлаған

admin_sunqar

Tech QyzPu Nigde Hack: Хакатон жеңімпаздары анықталды

Redaktor SunqarNews

Пікір жазу