SunqarNews ақпараттық порталы
Жаңалықтар

Түркістан-Кентау жолы: 4 жолақты бола ма?

Түркістан облыс орталығы болғалы, жақын орналасқан Кентау қаласы да бірге дамып келеді. Екі қала арасындағы көлік қозғалысы артып, жол тарлық етуде. Бұл туралы SunqarNews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Түркістан мен Кентауды байланыстыратын жолдың тарлығынан жол-көлік апаттары жиілеуде. Жыл басында осы жолда екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапты, төртеуі жарақат алды. Бұл мәселе Парламент Мәжілісінде көтеріліп, депутат Ұласбек Сәдібеков Үкіметке өңірдің транзиттік әлеуетіне қатысты сауал жолдады.

30 шақырым қашықтықта орналасқан Кентауда 100 мыңнан астам халық тұрады. Олар негізінен Түркістанда жұмыс істеп, оқиды. Қос қаланың арасындағы көлік қозғалысының қарқын алуына байланысты тұрғындар жолды кеңейтуді сұрап отыр. Бұл жолмен Жамбыл облысына да кездейсоқтықпен қатынауға болады. Жергілікті тұрғындар Түркістаннан Кентауға дейінгі жолды 4 жолақты ету туралы өтініштерін білдірді.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кентаулықтармен кездесуде бұл мәселені талқылады. Әкім әзірге Түркістан-Кентау жолын кеңейту жоспарда жоқ екенін айтты. Ол айналма жолдардың жобасы қарастырылып жатқанын, жол апаттарының алдын алу мақсатында жол белгілеріне назар аудару қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан қаласын кесіп өтетін автобанның қала сыртына шығарылатындығы туралы ақпарат жазылған болатын.

Sunqarnews.com

Ұқсас жаңалықтар

Роберт Кеннеди кіші мұнайдан жасалған синтетикалық азық-түлік бояуын, оның ішінде қызыл түсті №40 бояуды қолдануға тыйым салатынын хабарлады. Денсаулық сақтау мамандары бұл туралы не айтқанын біліңіз.

admin_sunqar

Сарапшы Шымкенттегі қылмыс өсуінің себептерін түсіндірді

admin_sunqar

Оның күйеуі қателікпен депортацияланды. Енді ол саяси дүрбелеңнің ортасында қалды.

admin_sunqar

Пікір жазу